类别 全部

作者:Токтар Дина 1 月以前

172

Сөз магиясы (сөз құдіреті) дегенді қалай түсінесіз?

Влиянието на думите върху човешкото съзнание е неоспоримо. В българската култура и литература, както и в народните вярвания, думите имат способността да предават знания, емоции и традиции от поколение на поколение.

Сөз магиясы (сөз құдіреті) дегенді қалай
түсінесіз?

Сөз магиясы (сөз құдіреті) дегенді қалай түсінесіз?

Мәшһүр Жүсіптің «Біздің қазақ тілінің ішінде періштелердің бір сөй­ле­ген сөзі жүр: «Кеткенің келсін, кем­ті­гің толсын» – дегенінде үлкен мән бар. Халықтық ұғым-түсініктердің, се­нім-нанымдардың, ырымдар мен ғұ­рып­тардың біртұтас жүйесінде ба­та сөз­дердің де магиялық қуаты, элек­тро­магниттік әсері ересен. Олар өмір­ге, өнер­ге, еңбекке деген жігеріңді, ің­кәр­лі­гің­ді оттай маздатады.

3. Бата, бата баудай бол, Басы биік таудай бол! Көкала шапан көлдей бол, Көшіп жүрген елдей бол!
Таза көңілмен, пейілмен түйсініп, жан-тәнімен қабылдап, нақышын ке­ліс­тіре, сүйсініспен айтса, көркемдік әле­міндегі дуа-дұғадай өлшеусіз, бай си­қырлы қырлары, халықтың да­ныш­пан­дық көзқарасы, рухы, мә­де­ние­ті, ұлт тілінің әуезділігі, фо­не­ти­калық гар­­мониясы, өзіне ғана тән көркемдік-фи­­лософиялық интуициясы жарқырап та­­нылар еді.

Сократ: «Сөйлеу – адамның өз ақыл-ой өресін қолдану өнері» десе, Нұр­­­жан Наушабайұлы «Шешендіктен пай­да жоқ, тілден ою оймаған, сөзді орнына қоймаған» деп дұрыс көрсеткен. Қазіргі заман зиялыларының сөзінде магия мен философия жеткілікті деу­ге болмайды, «ұшқыр жұртшылық» қа­былдамайды. Өйткені, іс-әрекетінде, бол­мысында тұлғалық қасиет жоқ, сө­зін­де берекелі тағылым, өсиет жоқ.

Сөйлеу мәдениетінде, тілді қол­да­ну­да бір ғана тапқыр ой мен ұшқыр сөз­де ғаламат ұлағат бар. Мұны тө­рт мың­дай философиялық афоризм­дер мен тә­мсілдер қалдырған У.Черчилль жә­­­не Расул Ғамзатов мықтап пай­да­лан­ған.

1. Бақ-ырысқа кенелейік, Құмырсқадай көбейейік. 2. Босағаларыңа жамандық жет­пе­сін, Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
4. Аса бір соққан желдей бол, Алыстағы сары белдей бол! Арқаның ақ төсіндегі Ақ айналы көлдей бол, Толықсып жатқан елдей бол!

Сөз магиясына жүгіну, көркемдік әсер­лілігін туындату, мың қырлы құ­пиясының сырына тереңдеу, «ел ау­зын­дағы тілді» негіз ету – ежелден бер­гі асыл дәстүріміз. Мысалы: бие құ­лындағанда: Шым-шым шымырай, Шұбар оттың құйрығы-ай! Жануардың жүйрігі-ай! Немесе бие сауғанда исініп кетпеу үшін: Құр-у, құр-у, көк бием, Ақ сүтіңді төк бием – дейді екен бұрынғылар.

Қазақ тілінің палеонтологиялық се­мантикасын, тіл төркінін, ежелгі ке­ніш­терін, архаикалық элементтерін сөз еткенде ұлт көсемі Әлихан Бө­кей­ханның: «Дүниеде ешбір тіл өз-өзі­нен шықпайды. Дүниеде ешбір тіл­ді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығара алмайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қа­занында қайнап, пісіп дүниеге ке­ле­ді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері», бұл тілді безеп, жолға, жөн­ге салып, жүйесін айырып өсіреді» дей­тін қағидатында тіл төркінін тама­ша пайымдаған.

Мысалы, сөздік қо­ры­мыз­да «бүргені тағалау» дейтін тіркес бар. Бұл қай заманда шықты десек, мұның 25 ғасырлық тарихы бар. Сақ дәуірі шеберінің қолынан шыққан, бар-жоғы тарының қауызындай, иненің кө­зіндей, алтыннан құйылған әмбе алтын ілгегі бар зер осыған нақты айғақ. «Ше­берлерде шебердің шұбарлап кесте сал­ған бізіндей, қалың орман ішінде қай­ыңның қайнап біткен безіндей, алтын жүзік қасының жауһардан жарып сал­ған көзіндей» деген теңеулер сол бір дәуірдің куәсі емес пе?! Сонымен қа­тар, 32 ғасыр бұрынғы боялған әрі қор­ғасын құйылған 140 шақты асықты ай­тайық. Бұлар Абай елі Шыңғыстау бау­райынан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің археологы Ұлан Үмітқалиев же­тек­шілік еткен экспедицияның ол­жа­сы еді.

Сөз магиясы – қазақ халқының тоқ­сан тоғыз тарау тұрмыс-тір­ші­лігінде, дүниетанымында, яғни түй­сік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ой­лау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әре­кет­те­рімен, даналық, ізгілік, рухани сұ­лу­лық қасиеттерімен тұтастай жара­сым тапқан айрықша бір көркем кө­рінісі.

Абай «Білімдіден аяман сөздің майын» немесе «Жалын мен оттан жаралған, Сөзді ұғатын қайсың бар» дегенде сөздің керемет бір сырларын, магиялық әсерін меңзегендей. Те­­гінде, әлем, табиғат, жаратылыс – құбылып құлпырған бояулар мен мың­даған дыбыстардан, яғни гар­­мо­ниялық үйлесімділіктерден тұ­ра­ды. Ұлт­тық санада, атап айтқанда, ин­тел­лектуалдық-философиялық, пси­хо­ло­гиялық, этнографиялық, көр­кем­дік, әлеу­меттік құндылықтар жүйе­сін­де сөз­дің магиялық қасиеттері де қо­сарлана өмір сүреді.