Categories: All

by Жарылкасын Улан 3 years ago

1218

1–15 Практика

Жаһандану дәуірінде ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дамуы мүмкін еместігі дәлелденген. Осыған байланысты білім саласын модернизациялау маңызды болып отыр.

1–15 Практика

15-Практика. Қазіргі мектепті модернизациялау жағдайында білімді сапалы басқару

Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері

Білім беру жүйесінің түбегейлі өзгерісі, білім берудің «жаңа» жүйесі
Жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрі»
Білім беру жүйесінің «жаңа буынының» өмірге келуі
Шешімнің жаңа нұсқасы
Ескі білім беру моделінің шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу
Жүйенің элементтерін қайта топтастыру, ұйымдастырушылық өзгерістер
Сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісі
Жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру

Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестер қарқынды даму үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап еніп, соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.

Еліміздің жаңа даму ба­ғы­­тында білім беру жүйесін мо­­дернизациялау: білім беру ме­ке­­мелерін оңтайландыру; оқу-тәр­бие үде­рі­сін жаңғырту; білім бе­ру қыз­­­­­­меттерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты үш басты бағытқа ерекше мән берілді. Елбасы бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын білім беру қызметтерінің арасындағы елеулі алшақтыққа жол беруге болмайтынын, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екенін ерекше атап көрсетті.

Білімді модернизациялау үшін білім беру қызметінің шешуші салаларындағы мамандарды дайындау қажет, ең алдымен – білім саясаты саласында. Осы бағыттағы жоғарғы мектептің негізгі міндеті, өз аймақтарында ғана емес, бүкіл елдегі білім саясатын қалыптастыра және талдай алатын жоғары деңгейдегі сарапшылардың үлкен бір тобын дайындау болып табылады.

Инновациялық іс-әрекет – қазіргі мектептің даму процесінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру аймағынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады

Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін модернизациялау, яғни ісәрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңашылдықты - инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы; қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге асыру.

Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және «инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып табылады. Жаңашылдық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағыттама және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру процесі. Ал инновациялық процесс жаңалықтың өмірге келуі, оны меңгеру, пайдалану және тарату процесімен сипатталады

Жаңашыл мұғалімдердің негізгі идеясы – ұстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен шәкірттің өзара ынтымақтастығы:

10) Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.
9) Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету
8) Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету
7) Бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру, тірек сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану
6) Оқушыларға тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу.
5) Балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық шығармашылығы
4) Оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту.
3) Оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбие процесінің әріптесі, субъектісі жасау, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру
2) Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, әлеуметтік жағдайларын танып білу
1) Балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыға жеке тұлға деп қарау.

14-Практика. Қазіргі мектепті модернизациялау жағдайында білімді сапалы басқару

Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі, сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау. Білім беруді жаңарту бұл - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үдерісі -салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсаты алға қойылды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осындай өзекті проблеманы шешу мақсатында төмендегідей негізгі бағыттарды ұстану қажет:

ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық
ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру
инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану
ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру

Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі.

Еліміздегі білім беру саласына түбегейлі өзгерістер енгізілетін жаңа стандарттар жасалуда. Қазіргі білім жүйесінің 12 жылдыққа көшуі орта мектептерде жаңа оқытудың жаңа технологиясы мәселелеріне бағыттап отыр.

Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Орта білім берудің 12 жылдық моделі, кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады.

2000 жылдан бастап білім сапасын басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру аясында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Олар:

5 деңгей – нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары)
4 деңгей – сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы);
3 деңгей –бөлімшелерінің ережелері, нұсқаулықтар;
2 деңгей – құжаттандыру тәртібі, стандарттар;
1 деңгей – сапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;

13-Практика. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің маңыздылығы.

Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.

Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі:

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру, озат тәжірибені қорыту мен тарату, жаңашылдар тәжірибесін өз мүмкіңдіктеріне қарай пайдалануда «Мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатында оқытудың ұжымдық түрін қолдану мәселесі» тақырыбындағы «шығармашылық топ» мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру
Педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту
Тәжірибесі аз мұғалімдер – жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру функциялары

жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;
ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.
оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;
жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;
мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу;
педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білім алуы

өздігінен қосымша білім алу
видеосабақтар көру, талдау
ашық сабақтарға кіру, талдау
интернетке шығу
әдістемелік әдебиеттермен жұмыс

Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары:

11) Мұғалімге қиындық туғызатын тақырыптарды талдау
10) Бағдарламаның қиын тараулары бойынша тәжірибе алмасу
9) Мектепішілік семинар-практикумдар өткізу.
8) Жас мұғалімдермен жұмыс
7) Өз білімін жетілдіру жоспары бойынша есеп, проблемалық тақырып бойынша жұмыс
6) Білім жетілдіру институтындағы курста білімін жетілдіру
5) Әдістемелік журналдардағы мақалаларды талдау
4) Әдістемелік, психологиялық, педагогикалық жаңа басылымдарды, әдебиеттерді және мөлшерлік құжаттарды оқып-үйрену
3) Ашық сабақтарға қатысу және оған талдау жасау.
2) Аудандық семинарға, пән бірлестіктерінің мәжілістеріне қатысу
1) Өзара сабаққа қатысу, жеке көмек көрсету

Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Әдістемелік жұмысты жоспарлау - білім беру мекемесі қызметін басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас элементі болып табылады.

12-Практика. Ұжымды дамыту заңдылықтары. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары

Мұғалімдер жарыс сабақ, панорамалық, десанттық, конференциялық сабақтар өткізіп, әр мұғалімнің педагогикалық қызметінде ұнамды істері, шығармашылық ізденістері бар екені көрінеді. Мектепте өтілетін апталық, семинар жоспары ұстаздарға екі апта бұрын таныстырылып, хабарландыру ілінуі керек

Мектептегі әдістемелік жұмыстың, ең негізгі міндеті мұғалімнің мамандығын жетілдіру, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және оны өз бетінше талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің іс-тәжірибесін, шеберлігін зерттеу қорытындысы бойынша жасалған диагностикалық карта негізінде мұғалімдердің үш тобы анықталады.

Мектепті басқарудың әдістемелік негіздері, заңдылықтары:

4) Бақылау: басқару барысында мұғалімдерді өзара біріктіру және оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру
3) Ұйымдастыру: басқаруды демократиялық (жариялылық) негізде құру.
2) Жоспарлау: басқарудың мақсаттылығы, мектепішілік басқару қызметінің бағыты айқындалып, қорытынды нәтижесі ашылады
1) Талдау: мектептің оқу-тәрбие процесінің нәтижесіне сараптама жасау

Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді формалары

педагогикалық оқулар
конференция
пікірталас
іскерлік ойын
дөңгелек үстел басындағы сұхбат

Әдістемелік апталықтарда, семинарларда оқытудың ұстанымдары мен әдістері, сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жанжақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары, сынып жетекшілерінің жұмысы туралы мәселелер қойылады.

Олар: шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет ететін және сол деңгейде ізденетін мұғалімдер; шығармашылықпен ізденуге ынталы мұғалімдер; тәжірибесі аз – жас мұғалімдер. Осылайша мұғалімнің инновациялық даярлық деңгейін анықтау, біріншіден, әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруға әсерін тигізсе; екіншіден, берілетін тапсырма әр мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне

Әдістемелік апталықтарда, семинарларда оқытудың ұстанымдары мен әдістері, сабақтың типтері, осы заманғы сабақтың құрылысы, сабақтарға жанжақты талдау жасаудың үлгісі мен озат тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие ісінде пайдаланудың жолдары, сынып жетекшілерінің жұмысы туралы мәселелер қойылады

Әдістемелік жұмыс – басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі. Демек, педагогикалық талдау жүйесінің негізінде мектепішілік әдістемелік жұмыстағы дұрыс міндеттерді белгілеуге қолайлы жағдай жасау, ондай жүйеге түсу үшін ғылыми негізде оқытуға, оқушылардың білім, дағдыларының сапасына ұтымды әдістерді нақты жүргізу шаоаларын белгі

Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады:

4) Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі: оқушылардың жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы.
3) Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне тигізер әсері: мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің деңгейі, дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі шығармашылық белсенділігі.
2) Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар: алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені оқып-үйрену және енгізу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру,
1) Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау: ақпараттық қор, талдау, диагностика, мақсаттар мен міндеттер, жоспарлау

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:

3) жоғары кәсіби деңгейі қалыптасқан шебер-мұғалім өзінің төл инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін
2) мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді;
1) мұғалімнің оқушы білім сапасының мониторингісін жасауы, өз іс-тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, кемшіліктерді көре алуы және оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;

11-Практика. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану.

Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі.

Мұғалімнің жұмыс жүйесін терең зерттеп, білуге бақылаудың жаппай әдісі сай келеді, мұның барысында жалпы мектеп немесе сыныптар бойынша бір не бірнеше оқу пәндерінің оқытылу сапасы зерттеледі

Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары қолданады.

Оқушыларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу

Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі.

Әдістемелік бірлестік құжаттары:

пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері мониторингісі
оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары
жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары
әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындайды)
сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);
әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері
әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы
білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері;
оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады.

Әдістемелік бірлестіктің қалыпты жұмыс жүргізуі үшін келесі құжаттар болуы тиіс:

10) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру, ізденіс тақырыптары
9) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің сандық және сапалық құрамы
8) Әдістемелік бірлестіктің айлық жұмыс жоспары
7) Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары
6) Әдістемелік жұмыс тақырыбы, оның мақсаты, басым бағыттары мен жаңа оқу жылындағы міндеттері.
5) Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстың талдауы.
4) Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің қызметтік міндеттері
3) Әдістемелік бірлестік туралы ереже
2) Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық
1) Әдістемелік бірлестіктің құрылуы туралы бұйрық

Әдістемелік бірлестік жоспарының құрылымы:

жас мамандармен жұмыс
отырыстар тақырыбы;
өзара сабаққа қатысу;
тәрбие жұмысы;
оқу сапасын арттыру жолдары;
біліктілікті арттыру;
өткізілген жұмыстарды талдау;
әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері;
мамандарға сипаттама;

Жоспар жасау дегеніміз - оқыту мен тәрбие жқмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.

10–Практика. Педагогикалық ұжымның сипаттамасы. Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде.

Мазмұнының ауқымдылығы бойынша жоспар түрлері:

3)Пәндік (нақты) жоспар – бір нақты іс жоспарланады (конференцияның жоспары, сынып сағатын дайындау және өткізу жоспары)
2)Тақырыптық жоспар – бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады (ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар жоспары);
1) Кешенді жоспар – оның барлық бағыттары мен түрлерінде әрекеттері жоспарланады (тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары);

Жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірінің қызықты, маңызды шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерін ата-аналар мен оқушылар және мұғалімдердің бірлесіп шешуі.

Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты білім мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады.

Мектеп жоспарының түрлері:

3) Ағымдағы жоспар жалпымектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады.
2) Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды.
Төртінші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы) дайындалып, талқыға салынады. Оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі
Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтер, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиыншылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады.
Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жоспар жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады.
Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, сонымен қатар теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады.
1) Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрылымы:

- Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту

- Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, оқу кабинеттерін безендіру және т.б.).

- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.).

- Мектептің педагог кадрларға деген сұранысы.

- Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.

- Оқушылар санының жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.

- Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.

Жоспарлау қызметі шаруашылық мазмұнына байланысты ажыратылады:

нарық сиымдылығын жоспарлау
өткізу-сату
өндірістік
қаржылық

Жоспарлау кезеңінің ұзақтығына байланысты:

5) күнделікті жоспар
4) оралымды
3) қысқа мерзімді
2) кезеңді (мерзімді) жоспар
1) ұзақ мерзімді

Жоспардың түрлері:

мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
қоғамдық ұйымдардың жоспары
әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;

Жоспарлау объектісі болып табылатындар:

8) кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті.
7) білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары;
6) білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі (оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары);
5) жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесін жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі;
4) жалпы орта білім беретін мектептердегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер;
3) білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;
2) оқушылар құрамы және қабылдау тәртібі;
1) ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық);

Жоспарлау құрамына кіретіндер:

4) қызметті жүзеге асыратындарға жоспарды жеткізу
3) қажетті ресурстарды айқындау және оларды мақсат-міндеттеріне қарай бөлу;
2) мақсатқа жету үшін стратегия жасау, жоспар құрып, бағдарлама әзірлеу;
1) мақсат пен міндеттерді анықтау;

Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:

5) Бизнес-жоспар
4) Индикативті жоспарлау
3) Тактикалық жоспарлау
2) Орта мерзімді жоспарлау
1) Стратегиялық жоспарлау

Жоспарлау дегеніміз – алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек

9–Практика. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау

Педагогикалық талдау классификациясы:

6) Функционалды байланыстары бойынша: жоспарлаудың ғылымилығын қамтамасыз ететін талдау; мектепішілік бақылау негізінде жататын талдау.
5) Қайталануы бойынша: айналымдық; бір реттік; оперативті
4) Көлемі бойынша: толық, қорытынды; тақырыптық аймақтық; параметрлік талдау; оқу-тәрбие процесінің негізгі параметрлері.
3) Мақсаты бойынша: әрекет бағасы; ұжым әрекетіндегі міндеттерді қою, жұмыс нәтижелері; белгілі педагогикалық резервтерді анықтау мақсатындағы талдау; озық педагогикалық тәжірибені жалпылау мақсатында; оқыту сапасын анықтау; оқушылардың білім сапасы; тәрбиелік деңгейі.
2) Субъектілері бойынша: әкімшілік; қоғамдық ұйымдар; мұғалім; оқушылар.
1) Объектілері бойынша: жұмыстың тұтастай талдау; оның жеке жүйелерінің қызметтерінің талдамасы; жеке элементтердің (сынып, топ) жұмысының талдамасы.

Тұтас педагогикалық процесті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп басшысының педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежесіне байланысты

Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақылау, баскару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.

Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.

Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдаудың түрлері:

Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.
Қысқаша талдау – сабақтан соң тез арада жүргізіледі, бірақ толық соңғысы деп айтылмайды. Сабақ бақыланады, сабақтың мақсатына жеткен жетпегендігі бағаланады және болжанға нәтиже мен жұмыстан алынған соңғы нәтиже салыстырылады. Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады.

Талдаудың мақсаты – мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу, педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту.

Талдау – тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі.

Сабақты талдаудың мақсаттары:

5) Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу
4) Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу
3) Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.
2) Мұғалімге нұсқаулар беру
1) Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау

Педагогикалық талдау түрлері

Тақырыптық талдау педагогикалық процестердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Ол сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.
Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Параметрлік талдаулар білім беру процесі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Ол бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізіледі.

Педагогикалық талдаудың рөлі мен принциптері

9) Талдау субъектісінің көппәнділік құзыреттілігі.
8) Кешенді ықпал принципі
7) Талдау бен жүйелеудің бірлігі принципі.
6) Басты звено принципі.
5) Жүйелік ықпал принципі
3) Даму принципі
4) Өзара әрекеттестік принципі
2) Детерминизм принципі – себеп-салдарлық байланыстарды орнату.
1) Объективтілік: ажырату;

Педагогикалық талдаудың міндеттері:

8) Мектепті басқарудың тиімділігін талдау.
7) Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, үйрену.
6) Мектеп үшін оқушылардың білім, білік, дағдыларын, толеранттылық деңгейін, білім беру сапасын көтерудің сыртқы және ішкі педагогикалық резервтерін анықтау және айқындау.
5) Мектептің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын талдау.
4) Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, оқу-тәрбие процесінің бөлімдері арасындағы келіспеушіліктердің себебін анықтау.
3) Оқушылардың оқу мен тәрбие деңгейіне ықпал ететін факторларды анықтау.
2) Белгілі уақыт аралығында мектеп жұмысы мен оның бөлімдерінің нәтижелерін зерттеу.
1) Белгілі бір уақыт аралығында тұтастай басқарылатын жүйенің жағдайын зерттеп, үйрену

8–Практика. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің диагностикасы

Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті текчеруге қарағанда диагностикаға кең әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін, процестердің басын ашады.

Педагогикалық диагностика — педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық диагностикалау педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.

Педагогикалық диагностиканың бағыттары:

Құзыреттіліктік
Жүйелік
Тұлғалық
Экзистенциалистік
Іс-әрекеттілік
субьектілік
обьектілік

Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін анықтау.

Педагогикалық диагностиканың құрылымы

Нәтижені бағалау
Күтілетін нәтиже
Зерттеу принциптері
Зерттеу алгоритмі
Зерттеу формасы
Зерттеу құралы
Зерттеу әдісі
Зерттеу бағыты
Зерттеу мақсаты
Зерттеу нысаны
Зерттеу пәні

Педагогикалық диагностиканың әдістері:

педагогикалық портфолио
әңгімесу
ғылыми жоба
бақылау
құжаттарды зерттеу
тест
сауалнама жүргізу
сұхбат

Педагогикалық диагностиканың қызметтері:

Бақылау-түзетушілік
жобалаушылық
бағалаушылық
ынталандырушылық
ақпараттық

Педагогикалық диагностиканың формалары:

қорытынды
ағымдық
бастапқы

Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс, бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның талдауы, серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай, педагогикалық диагностиканың үндеуі біріншіден, жеке оқыту процесін оңтайландыру; екіншіден, қоғам мүдделерін сақтай отыра оқытудың нәтижелерін дұрыс анықтау, үшіншіден, осы критерийлерді қолдана отырып, тәрбиеленушілердіәртүрлі курстарға жіберу.

7–Практика. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау

Диагностика фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім. Диагностика арнайы жасалған ғылыми әдістер көмегімен игерілетін үрдістердің (педагогикалық), құбылыстардың сандық және сапалық сараптамасы. Диагностика – оқушыларды жан-жақты зерттеде өте тиімді тәсіл. Диагностика (грекше diagnostica, dia – айқын, gnostica - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) - ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайды.

Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу.

Диагностика педагогикалық қызметтің төмендегі сипаттарын көрсете алады: кәсібилігіне әсер ететін тұлғалық қасиеттердің болуы; кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі; іс-әрекеттің нәтижелілігі. Диагностикалық әдістеме негізінде оқушылардың іс-әрекеті төмендегідей бағаланалы: өзіндік білім алуға ынталылығы; шығармашылық жұмысқа ынталылығы; адамгершілік тұлғалық ерекшеліктер; өзіндік білім алудағы ерік-жігері, қиындықтардан жол таба білуі; өз мүмкіндігіне сәйкес жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі; өзін-өзі бақылауда және өзін-өзі бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі; т.б.

«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір терең әрі кең. Диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын қамтиды.

Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; екіншіден, білім берудің нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі анықталады.

Педагогикалық диагностика (грек diagnostic – факті мен құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) педагогикалық ғылыми тәжірибелік әрекетті сипаттайды, ол оқу үрдісіндегі іс-әрекеттегі қиындық көлемін және сипатын анықтап, тұлғаның оқу бағдарлаамасын меңгеруін, олардың іс-әрекеті мен жетістік нәтижелерін анықтау, педагогикалық үдеріс жағдайын зерттеу.

Білім берудегі диагностиканың міндеттері:

тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
оқыту үрдісініғ барысын және нәтижелерін иалдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы);

Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.

Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық үдеріс және оның барлық құрауыштары болып табылады. Ол педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды. Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.

6–Практика. Мектеп басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі.

Мектеп құжаттары

Қаржы-шаруашылық құжаттар
мектептің кітапхана қорының инвентарлы кітабы
қойма материалдарын тіркеу кітабы
аса құнды емес және тез тозатын заттар қозғалысын оперативті тексеру ведомосі
материалдық құндылықтарды жаңарту актілері
Негізгі құралдардың инвентарлы тізімі
мұғалімдердің тарификациялық тізімі
мектептің техникалық паспорты
Мектепішілік ақпараттар
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар мәліметтері, бітіруші және көшу емтихандарының нәтижесі негізінде қалыптасады, оқушылардың тәрбиелілік және білімділік деңгейінде динамиканы айқындауға мүмкіндік береді. Осы ақпараттар жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарының аналитикалық бөлігін құрастыруға пайдаланылады.
4) Тоқсандық ақпаратты сынып және оқу пәндері бойынша оқу үлгерімі жөнінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша дайындайды. Оны жұмыстағы айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын анықтау мақсатында мектеп дирекциясы талдайды, педагогикалық және әдістемелік кеңесте (пән бірлестіктері) талқыланады.
3) Ай сайынғы оперативті ақпарат апталық ақпаратттарды қорытындылап, оларды толықтырады. Ол оқу бағдарламасының орындалуы, пән мүғалімдері жұмысының сапасы, жеке сыныптар бойынша оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, пәндері, арнайы тексеру және бақылау жұмыстары, оқушылардың қоғамдық ұйымдары туралы мәліметтерден тұрады.
2) Апталық оперативті ақпарат директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен дайындалады. Ол апта бойы мұғалімдерден, сынып жетеекшілерінен және т.б., оперативті жиналыстардағы пікір алмасу нәтижесінен түскен мәліметтерді ескереді. Апталық ақпарат ерекше бақылауда болған, жеке оқушылар мен жеке сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс шаралар, сынып журналын, оқушылар дәстері мен күнделіктерінің жүргізілу жағдайы бойынша туралы мәліметтерден тұрады.
1) Күнделікті оперативті ақпарат пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу, бақылау, сонымен бірге сынып журналын және мектепішілік басқа да құжаттардың түрлерін зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Ол оқушылардың оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, олардың пәндері, мектептің санитарлық жағдайы, оқу бөлмелері, оқу шеберханалары және т.б. туралы мәліметтерден тұрады. Күнделікті ақпарат басқару шешімдерін оперативті қабылдауға пайдаланылады.
Оқу-педагогикалық құжаттар
Білім беруді және басқа да ұйымдарды басқарудың жоғары тұрған органдарымен хат алысу
Мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар көшірмесі, мектептің статистикалық есептерінің көшірмесі
Мектептің аттестация бойынша материалдары, мектептің білім беру іс-әрекетіне лицензия
Жоғары тұрған органдардан келген бұйрықтар, жарлықтар
Оқушылардың жеке-іс қағазы
Кітаптар: оқушылардың алфавитті жазылу кітабы, берілетін бланктерді тіркеу кітабы, «Алтын белгі»-ні тіркеу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын тіркеу кітабы, мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын тіркеу кітабы, кіріс және шығыс қатынас қағаздарын тіркеу кітабы және адамдардың ескерту және ұсыныстар кітабы;
Журналдар: сынып журналы, факультативтік сабақтар журналы, ұзақ күн топтары журналы, өткізілмеген және өткізілген сабақтар журналы

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары

құндылықтар басқару қызметке реттеушілік сипат береді
құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен маңызын ашады
білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау
әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық мақсаттары

Жүйенің қасиеттері

Мультипликативтілік – жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Синергия (ынтымақтастық, ықпал ету, көмек беру, қауымдастық, бірге жұмыс жасау ) – екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік.
Эмердженттік немесе эмергенттік (ағылшын сөзі: emergent –кенеттен пайда болатын ) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.

Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары

6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді, ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.

Басқаруға тән басты сипат – жұмысқа барлығының бірдей араласуы: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және т.б. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс.

Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген; оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.

Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді.

Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары – әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.

Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу тәрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

Мектептің әкімшілік жүйесі - оқу процесін басқару, тәрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.
Тәрбиелік - үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады; оқушылардың қарым қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (сыныптағы өзін-өзі басқару, әрқилы іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);
Дидактикалық - бұл жүйе сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақтың (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;

Мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолданады

Сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект ролін де атқарады.
Оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады. мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет.

Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты анықталатын қағидалар (принциптер) жиынтығы:

білім берудің демократиялық сипатта болуы
білім берудегі еркіндік пен плюрализм
білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы
білім берудің жалпыға бірдейлігі
білім берудің зиялылығы
білім берудің ізгілік сипатта болуы

Педагогикалық процесті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау ісәрекеті болып табылады.

Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы

5–Практика. Жаңашылдық қызмет нәтижелері, олардың жетістіктері мен болжау шарттары

Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған Н.Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мемлекетінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және тартуға байланысты бір бөлек қызметі».

Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.

Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады:

ұйымдастыру-басқарушылық бағытындағы жаңашылдық – білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер.
жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар әкелетін жаңашылдық – педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.;
білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңашылдық — білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.;

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие

Интернет технология
Желілік технология
Қашықтықтан оқыту технологиясы
Мультимедиа технологиясы
Компьютерлік технология
Жобалап оқыту
Блок-модульдік оқыту
Модульдік оқыту
Шоғырландырып, қарқынды оқыту
Деңгейлеп оқыту
Дамыта оқыту
Саралап оқыту

Оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:  Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: Компьютерде еркін жұмыс жасайды; Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды; Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады; Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Инновациялық іс-әрекет – қазіргі мектептің даму процесінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру аймағынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады.

Инновациялық үрдістің негізі — жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім техналогия бойынша жұмыс атқара алады.

Педагогикалық технологиялар

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Педагогикалық ойындар технологиясы
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Проблемалы оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Жекелеп оқыту технологиясы
Өзіндік дамыту технологиясы

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.Жаңа технология түрлерін сабақтарда пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Оқыту технологиялары

Жеке пәндік педагогикалық технология.1) Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы; 2) Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Деңгейлік саралау технологиясы
Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар
Презентациялар технологиясы
Дамыта оқыту технологиялары
Оқытудың ұжымдық әдісі

4–Практика. Білім беру жүйесін басқарудың қоғамдық сипаты

Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрі, басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды.

Мектеп әкімшілігі және басқарудың негізгі қағидалары

педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
мектепішілік жетекшіліктің мазмұны мен әдістері; қазіргі заманғы мектеп мұғалімі; ағарту мекемелерінің есеп беруі; мектептік істер статистикасы мектептану мазмұнын құрайды.
мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын басқару бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (мұғалімге әдістемелік көмекті ұйымдастыру, мектепті инспекторлау)
мектепті әкімшілік-педагогикалық және шаруашылық басқару бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (оқытуды ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер типтері, олардың желісін құру және рационализациялау, мектеп ғимараты мен жерлерін жобалауға және салуға педагогикалық талаптар, мектепті қаржыландыру, мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз ету)

Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:

5) Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы
4) Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
3) Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
2) Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
1) Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

Педагогикалық жүйелерді басқару ұстанымдары.

педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы
бірігушілік және ұжымның оң қарым-қатынасы
басқарудағы жүйелілік және орталықтандыру
педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі

Басқару принциптары

Басқаруды демократияландыру принципі – басқару ісіне барлық қызметкерлерді қатыстыру. Менеджмент негізінде мектепті басқаруды инновациялық жетілдіру өркениеттік дамудың бөлігі деп есептелінеді.
Ынталандыру принципі – менеджер тарапынан мадақтау және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс-әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады.

Басқарудың жалпы қағидалары

Педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар
Бірыңғай және алқалық басқару бірлігі
Орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық
Басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру

Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстанымдар тұрғысынан білім еру үрдісін басқарудың логикасы құрылады. Басқару мазмұны педагогикада функционалдық, жүйелілік, ситуациялық, оңтайландыру, зерттеушілік сипаттары қарастырыылады.

Негізгі заңдылықтар мектепішілік басқаруда мынадай заңдылықтарды қамтиды

мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына байланысты.
оқу-тәрбие жұмысын басқарудың мазмұны мен әдістерінің келісімділігіне
оқу-тәрбие жұмысын басқаруды жүйесінбір бағытқа келтіру, оның нәтижесі субъект пен объектіні басқару мен құрылымы әрекеттік деңгейінінің байланысына

Мектепішілік басқарудың мақсаты

әр мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, сараптама, бақылау, талдау, бағалау)
мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен үйлестіру
басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету
оқу орнының дамуына жағдай жасау

Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.

Басқару реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету үрдісі.

3–Практика. Білім беру сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде педагогикалық менеджмент сапасының талаптары. Оқу‐тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық–қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі.

Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады.
Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр.
Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу.

«Білім туралы» ҚР Заңында көрсетілген, білімді мемлекеттік басқару жүйесінде келесі қағидалар көзделген, яғни олар жалпы адамдық құндылық, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғанаң еркін дамуы; ұлттық тəрбие жəне отанға деген сүйіспеншілік, яғни тəрбиенің жəне білім кеңістігінің бірігуі.

Қазіргі таңда білімді басқару жүйесін орталықтандыру тиімді, себебі жоғарғы басқару органдары төменгі органдарға функцияларды атқару үшін нұсқау бере алады, яғни федералды органдар жалпы стратегиялық бағыттар ойластырады, ал аудандық жəне жергілікті органдар қаржылық, кадрлық, материалдық, ұйымның жағдайын қарастырып шешім қабылдай алады.
Білім басқармасы органдары қазір мынадай ұстанымды ұстануда, яғни білім бағдарламаларын барынша азайтып, оның орнына оқу көлемін көбейтіп жəне белсенді түлектерді дайындауын талап етуде. Білім жүйесі басқармасының органдары тек біліммен қамтамасыз етуге кепілдік беріп қана қоймай, тұлғаның жеке басының дамуына жəне өзін өзі тануына барынша жағдай жасайды. Білім жүйесінде мемлекеттік реттеу жасау үшін елімізде мемлекеттік басқарма органдар құрылады.
Ұлттық тəрбие жəне дəстүрді сақтау мақсатындағы білім жүйесі, білімнің жалпыға қолжетімділігі, білім  жүйесінің бөлімдерге, даму түрлеріне жəне қатысушыларына үйренуі, білім жүйесінің еркіндігі. Білім орындарының дербестігі: білімді жалпығы ортақ ету, яғни қатысушының ұлтына, тіліне, жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, əлеуметтік, тұрмыстық, қызмет беделіне, тұрғылықты жеріне, дініне қарамастан, біліммен қамтамасыз ету

Менеджмент идеясының дамуы, олардың мектеп жағдайларына əсер етуі жеке бір бағыттың пайда болуына əкеледі, ол мектепішілік менеджмент.  Мемлекеттік  басқарудың  артықшылығының  бірі  (білімді), ол мемлекттік білім басқарудың жалпылама бағытқа өтуі

Сондықтан бағдарламаның үш маңызды бөлімдері қарастырылады: талдамалық, білім жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы; концептуалды, бағдарлама қызметінің бағыттары мен тəсілдері туралы; ұйымдастырушылық, көрсетілген қызметтің маңыздылығын анықтайды.
Білім жүйесінің беделінің арта түсуі, ол білімге байланысты материалдық, қаржылық мəселелердің шешілуі. Ұйымдастырылған білім жүйесінде маңызды болып. Білім  жүйесін  дамыту  бағдарламасы  болып  табылады.  Бағдарлама  ұйымдық  басқарушылық жоба болып табылады, яғни оның мазмұны мемлекеттік саясаттың, білім жүйесінің қағидалары жəне жүргізілетін талдаудың жағдайы, білімнің даму болашағы арқылы анықталады.
Бұл бағытқа өтудің бірден бір себебі мемлекет пен көпшіліктің ойын біріктіру арқылы ұстаздарға, қатысушыларға, ата-аналарға таңдау еркіндігін беру, яғни оқыту тəсілдерін, оқу ұйымдарын таңдауы. Таңдау құқығы жəне  еркіндік адамды тек білім нысаны етіп қана қоймай, білім ұйымдарын, тəсілдерін, қарым-қатынасты таңдайтын белсенді тұлға етеді.

Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады.

Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді
Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады.
Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін.

2–Практика. Педагогикалық менеджмент

Педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер қоғамның алдындағы жалпы мiндеттер мен мақсаттардың көрiнiсi болып табылады. Мақсат жоспардың өзегi болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының да әрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты – жұмыс түрлерi мен тәсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.

Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері

педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру
оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру
нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару
адамдардың дамуын жетілдіру
үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету
үрдісті бақылау жəне түзету
педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту
педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу
адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру

Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет, жауапкершiлiк арқалауына жағдай жасайды.

Педагогикалық менеджменттың субъектілері

оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жуйесінің субъектісі ретіндегі мұғалім
педагогикалық оқу - тәрбие жұмысын басқарушы субъект ретіндегі директор
оқу - тәрбие процесінің менеджері
оқу–таным  процесінің менеджері

Педагогикалық менеджмент мақсаттары

басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу
басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету,
педагогтардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану
ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру
педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу
адами ресурстарды дамыту
еңбек өнімділігін арттыру

Педагогикалық менеджменттің бірінші жүйе құраушы факторы – оның мақсаты мен міндеттері. Оны мақсат белгілеуші немесе жобалаушы деп атауға болады. Басқару ісінде ең негізгі мәселе – мақсатты көре білу. Мақсат оның орындалуын дұрыс жоспарлауға және тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Ұйымның мақсаттары оның қызмет ету және даму тұжырымдамасын көрсете отырып, мынадай қызметтер атқарады: ағымдағы қызметтің белгісіздігіне (екі ұштылығына) жол бермейді; қызмет нәтижелерін бақылаудың және бағалаудың өлшемдерін айқындайды; анықтауда нақты белгіленген мақсаттар педагогикалық процесс субъектілерінің жұмылып бірлікте жұмыс жасауына ықпал жасайды.

1–Практика. Білім берудегі менеджмент.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар, принциптер жиынтығымен анықталады: білім берудің ізгіліктік сипатта болуы;

Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның әр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тәрбиеші, өз сабағының иесі, ұйымдастырушысы — оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нәтижесіне маңызды ықпал етеді.

Білім берудегі менеджмент деген — ең алдымен, білім беру жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер — өмірдің өзі қойып отырған талаптар. Үнемділік, әсіресе, дағдарыс жағдайында қажет. Не нәрсені де тиімді пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады.

Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:

үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.
екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;

Менеджмент (мanage ағылшын тілінде – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері – биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі – білім беру жүйесі.

Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері:

Бақылау – бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу
Мотивация – бұл іс-әрекет, қызмет. Оның мақсаты – ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.
Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету.
Жоспарлау – бұл басқару процесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да қадамдар, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс -тәсілдер нақтыланады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау

Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.

Білім беру менеджментінің функциялары

коррекциялау функциясы
бақылау және бағалау
ұйымдастыру - орындаушылық
мақсатты - мотивациялық
ақпараттық - сараптамалық
жобалау - жоспарлау функциясы

Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Менеджмент ғылымында басқару – мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.

Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі — менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі.