Catégories : Tous - образование

par Дильназ Абдильдаева Il y a 2 années

984

Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайн

Цифровите образователни среди и облачните технологии се развиват с бързи темпове, предлагайки нови начини за обработка и съхранение на данни. Облачните услуги предоставят на потребителите достъп до мощни изчислителни ресурси и инфраструктура чрез интернет, без да изискват специализирани знания за управление.

Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайн

Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайн

15 практика

Электрондық оқытудың бағалау критерийлері
Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді

уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаныояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды бағалау тиімді болды ма? Біріншіден мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізу кеңінен қолданылды деуге болады, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады.Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады. Бұдан шығатын қорытынды қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясының орындалғанын байқатады.

ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;

қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдынала белгіленген критерийлердің (Р.Ю.Глейзер енгізген) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды.
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. «Онлайн» режиміндегі оқу сабақтары білім алушы мен педагог арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті үдерісін қарастырады. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір адамзатты толғандырады. Осы тұрғыда критериалды бағалаудың қашықтықтан оқытудағы тиімділігі және жолдары деген ойға тоқталып өтсем.

14 практика

Цифрлық медиа және Web 2.0 (медиа ресурс желілеріне контент жасау
«Жоба аясында 25 қазақстандық онлайн - басылым әлемдегі жетекші БАЦ қолданып отырған жаңа қүралдарға қол жеткізеді. Жобаның операторы - Цазақстан Баспасөз клубы. Жоба Цазақстандағы АЦШ Елшілігі арқылы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылады. Chartbeat - ті редакция жүмысына ендіру отандық БАЦ - қа аудиториясын дұрыс талдап, жақсырақ түсінуге, онлайн - өлшеудің барынша дәл әдістерін қолдануға және де контент сапасын көтеруге көмектеседі. Жоба редакциялық саясатта метрикалардың қолданылуын кеңінен тарату арқылы онлайн - нарықтың жалпы кәсіби деңгейін көтереді. Заманауи әдістерді қолдану отандық БАЦ - тың оқырмандар аудиториясын кеңейтіп, жарнамадан түскен табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба аясындағы байқау негізінде қазақстандық 25 онлайн - басылым іріктеп алынып, олар Цазақстан нарығында бірінші болып Chartbeat құралдарын тегін қолдануға мүмкіндік алады. Сондай - ақ, жоба қатысушылары оқудан өтіп, компания өкілдерінен тегін кеңес ала алады», - деп хабарлайды қазақстандық ақпарат көзі
Қазақстандық БАЦ - та 2018 жылы Chartbeat - тің аналитика қүралдарын қолдануға мүмкіндік беретін жоба қолға алынды.
Chartbeat технологиясы деректерді талдау саласындағы үздіктердің бірі. Ресейде 2012 жылы қолданысқа енген аналитикалық құралдар қолданушылардың сайт ішінде, сайттың жеке парақшасына және сайттың нақты элементтеріне қаншалықты уақыт бөлетінін қадағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы өлшемдер негізгі екі параметр бойынша жасалады: recirculation (қайта оралу, сайт парақшаларына өту, парақшалардағы элементтермен өзара әрекеттесу) және engaged time (қолданушылардың сайтта өткізетін белсенді уақыты, сессияның ұзақтығы). Сервисті әлемнің 60 - тан аса еліндегі USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды БАЦ қолданып отыр.
«Қарыштап дамып жатқан виртуалды кеңістік технологиясының журналист кәсібіне тағы қанай өзгеріс әкелетіндігін елестету мүмкін де емес. Дегенмен, кәсіптің ішкі негізі, оның әлеуметтік маңызы тұтасымен өзгерген жоқ. 2010 жылдары робот - журналистер ғылыми фантастика болып елестесе, 2015 жылы шындыққа айналды. 2010 жылы онлайн - басылымның оқырмандарының әрекетін шынайы уақытта бақылау ойға да келмесе, 2012 жылы әріптестеріммен бірге «РИА - Новостиге» Chartbeat технологиясын енгізумен айналыстым. Бұл технология ақпараттық сайт қолданушысының әрекеті туралы «тікелей эфир» жасайды. Өткен бесжылдық көрсеткендей, технология бар - жоғы қызмет корсету функциясын орындайды, әрі олар адамдар тарапынан болатын әсерді күшейтеді не әлсіретеді. Қандай технология болмасын шындыққа, шынайылыққа, түсіндіру қабілетіне, тәуелсіз талдауға, уайымдау мен оны беруге деген қарым қатынасты өзгерте алмайды. Бұл журналист кәсібіне жаңа «цифрлы шынайылық» ұсынып отырған ең басты сабақ, ең басты «алтын ереже болар», - дейді ресейлік ғалым С. Шомова [2].
Ресей мемлекетіндегі ақпараттық кеңістіктің Қазақстанға ықпалы күшті екендігін ескерсек, көрші елде орын алған үрдістердің көп уақыт отпей Қазақстанда қайталану мүмкіндігі жоғары.
2018 жылы мобильді құралдардағы Рунет аудиториясы тұңғыш рет десктопты аудиторияны басып озды деп мәлімдейді Mediascop зерттеу компаниясы. Мобильді аудиторияның танымал ресурстары «ВКонтакте», мессенджер Whatsapp, Google, Яндекс пен Instagram. 20 % астам ресейлік осылардың әрқайысын қолданады [1].
Media Consumption Forecasts жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2018 жылы Ресейде халық гаджеттерге уақытының 24 пайызын жүмсаған. Ал 2011 жылы ол 5 пайыз ғана болатын. 2020 жылы медиатұтынудың 28 % мобильді интернетке арналады деп болжайды Zenith.

13 практика

Әлеуметтік желілерде кәсіби контент жасау қадамдары
– Практика жүзінде сауалнама жүргізу.
– Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын анықтау;
– Олардың түрлеріне сипаттама жасау;
– Әлеуметтік желілердің пайда болу тарихына сипаттама жасау;
Ғылыми жұмысының міндеттері:
Ғылыми жұмысының максаты. Әлеуметтік желілердің түрлері мен тарихын танып біле отырып, оның пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын анықтап, өз қажетімізге тиімді пайдалану жолдарын жасау.
Зерттеудің өзектілігі. Ватсап, Фейсбук, Вконтакте, Истаграм, сыныптастар – бүгінде осындай әлеуметтік желілерге байланып, бар уақыты мен күш-қуатын, ақшасын жұмсап жататын адамдар көп және олардың бұл әрекетіне ешкім онша таңырқай қоймайды. Әлеуметтік желілердің жеке адамға, жалпы қоғамға, мемлекеттерге ықпалы барған сайын күшейіп барады. Ал, Иран, Ауғанстан сияқты ислам елдерін былай қойып, көрші Қытай да әлеуметтік желілерді бұғаттап, өз азаматтарының оны пайдалануына тиым салды. Ол неге?
«Адамның күні адаммен» деп те жатамыз. Шамасы, адам баласының табиғатында бар қасиет болса керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасуды, өз ойымызды айтуды, басымызға түскен қуаныш пен қайғыны хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланысы» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суреттерді өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті қалаға көшіп кеткен сыныптасыңызбен сырласып-сөйлесу үшін келесі бір туған күн кешін не басқа бір жиынды күтіп отырмайсыз. Бірден әлеуметтік желіге кіріп, жаңадан фото қосасыз, статусыңызды өзгертесіз, МайлРуАгенттегі сыныптасыңызбен сөйлесіп, соңғы хабарларды естисіз, сондай-ақ, өзіңіздің достарыңыздың туған күні келіп қалғанын, оның басқа біреумен танысқанын, атақты киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді достарыңыздың санын көбейтіп, бұрынғы жұмыс орныңыздағы адамдарды тауып, олардың достарының ішінен бала кезіңіздегі досыңызды тауып, өз ортаңыздағы таныстық шеңберін кеңейте түсесіз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.
Қазіргі таңда әлеуметтік желінің жастар өмірінің күн тәртібінде алар орны орасан зор. Бұл бүгінде қауіп боп тұр.
Әлеуметтік желі — ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы. Әлеуметтік желі мәдениеті — әлеуметтік желіні қолдану, кез келген әлеуметтік желі қолданушысы қандай әрекетті істеуге болатындығын немесе болмайтындығын айқындайтын, жасағалы отырған жұмыстың шегін белгілейтін жалпы қағидаттарының жиынтығы.

12 практика

Мобильді оқыту технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктері
• Инновация: ұялы байланыс құрылғыларын білім беру бағдарламаларында креативті түрде пайдалануға және жаңа идеяларды көруге деген сенімділікті дамыту үшін қолдануға болады.
• Өзін-өзі бағалау: бейнекамераларды сабақ жазу үшін қолдануға болады, бұл оқытушыларға сабақтың қандай деңгейде сапалы өткізілгені туралы ойлауға мүмкіндік береді;
• Коммуникация: ұялы байланыс құрылғыларын сымсыз кең жолақты және бейне қоңырау қызметтерімен мысалы, Skype сияқты бірге пайдалануға болады;
Жалпы, мобильді технологиялар бірнеше бағыттар бойынша оқытушылардың дамуы мен біліктілігін арттыру мақсатында кәсіби шеберлікті арттыра алатындығын көрсетті. Атап айтсақ:
Дегенмен де, бұл мәселелердің барлығын мобильді оқытудың білім берудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу арқылы шешуге болады.
3. Желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы.
2. Жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы;
1. Сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың аздығы;
Мобильді оқыту біздің елімізде электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуымен қатар, оның әлі де болса қажетті деңгейде толыққанды пайдаланылмау себептері:
Жалпы, мобильді қосымшаларды қолдану ауқымының практикада өсуіне байланысты, оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас төмендейді. Яғни, оқытудың бұл формасы өзара қарым-қатынасты, сенімділікті, көшбасшылықты, топпен жұмыс жасауды және т.б. қабілеттерді тежейді.
• жеке ақпараттың қауіпсіздігіне байланысты мәселелер;
• электронды оқыту мен мобильді оқытудың концептуальдық айырмашылығы;
• мобильді оқытуға байланысты педагогикалық теорияның дайын еместігі;
• мобильді технологияның өте жылдам дамуы;
• оқу контенті қауіпсіздігіне байланысты мәселелер;
• білім нәтижесін бағалауға байланысты мәселелердің туындауы;
• барлық білім алушылардың сәйкесті мобильді құрылғыларды алуға мүмкіндігі бола бермейді;
2. Әлеуметтік және білім беру мәселелері:
• мобильді құрылғыны жоғалту қаупі.
• мобильді платформалар мен құрылғыларға бірыңғай стандарттың болмауы;
• ақпараттық қауіпсіздік мәселелері;
• жады көлемінің шектеулігі;
• мобильді құрылғылардың тек қана электр қуаттағышпен жұмыс істеуі;
• мобильді провайдерге ай сайынғы төлемақысының болуы;
• интернетке тәуелділік мәселесі;
• мобильді құрылғылардағы экран мен пернелердің өлшемінің кішкентайлығы;
1.Техникалық мәселелер:
• Әлеуметтік жағынан қарасақ, барлық білім алушылардың сәйкесті мобильді құрылғыларды алуға мүмкіндігі бола бермейді.
• Кез келген мобильді құрылғылардың сақтау мүмкіндігі шектеулі, сондықтан үлкен немесе көп файл болса, сіздің құрылғыңыз бәрін сақтай алмауы мүмкін;
• Смартфондар 8-ден 10 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істейді. Тасымалды электр қуаты біткен соң, оны қайта қуаттандырғышқа қосу керек және бұл уақытта оны пайдаланушы адам өз «мобильділігінен» уақытша айырылады;
• Экранның өлшемі өте кішкентай, сондықтан оларды ұзақ уақыт қолданғанда адамның көзіне әсер етіп, тез шаршауы мүмкін. Сонымен қатар, экранда бір уақытта көрсетілетін ақпараттың мөлшері өте аз;
• Мобильді оқытуға қатысу үшін міндетті түрде мобильді құрылғы болуы керек. Жаңа технологиялардың жетістіктерін пайдалану үшін ұялы телефонды жиі жаңартып отыру керек. Сонымен қатар, білім алушы интернетке қол жетімді болу керек және мобильді операторыңыздан ай сайынғы ақы төленеді, сондықтан сізге ұзақ уақытты қажет ететін үлкен файлдарды жүктеу қажет болса, ай сайынғы төлемдер өте жоғары болуы мүмкін.
Көптеген артықшылықтарымен қатар мобильді оқытуды білім беруде қолданудың өзінің қиындықтары мен кемшілік жақтары да бар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• Студенттердің өздігінен білім жетілдіру мақсатында қолдану ыңғайлы және кері байланыс жасау мүмкіндігі бар.
• Мобильді құрылғылардағы жылдам жауап (QR) кодтарын қолдануға болады. Қосымша ресурстарға, күрделі диаграммалар мен суреттерге сілтемелер, тапсырмаларды шешу студенттерге қол жетімді болуы мүмкін;
• Білім алушылар онлайн форумдар мен чаттар арқылы бірлесіп жұмыс жасай алады. Олардың оқытушылармен кез келген уақытта, кез келген жерде пікір алмасуға, ой бөлісуге мүмкіндігі болады;
• Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де ыңғайлы оқыту түрі болып табылады;
• Оқытудың үздіксізсіз түрі және тиімді тәжірибесі болып табылады;
• Мобильді құрылғылар білім алушылар үшін өте ыңғайлы және қолжетімді құрал болып табылады. Ақпараттың барлық түріне қол жеткізу оңай. Ол басқа ақпарат құралдарына қарағанда ақпарат пен білім беру тәжірибесіне тезірек қол жеткізе алады;
• Мобильді оқыту сымсыз мобильді технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол кез келген адамға кез келген жерден және кез келген уақытта ақпарат пен оқу материалдарын алуға және таратуға мүмкіндік береді;
Мобильді оқытудың артықшылықтары:
Мобильді оқыту технологияларының портативтілігі, интерактивтілігі, өлшемі жағынан және уақыт мен мерзімге байланысты бірнеше ортақ аспектілері бар. Бұл мобильді құрылғылардың маңыздылығын арттырады. Сонымен қатар, мобильді құрылғылардың интернетке қосылу мүмкіндігі ең шешуші рөлге ие.

11 практика

Мобильді оқыту технологиялары
Қaзiргi уaқыттa өзiмiз күндeлiктi қoлдaнып жүргeн cмaртфoн, плaншeттi кoмпьютeр, нeтбук, элeктрoнды кiтaп, cмaртбук секілді құрылғылaрғa aрнaлғaн oпeрaциялық жүйeлерді Google, Apple, Microsoft компаниялары әзірлеген. Мысалы, Android System операциялық жүйесін Google, iOS-ті Apple, Windows Mobile-ді Microsoft қолданысқа шығарған. Бұл oпeрaциялық жүйeлeрдiң бaрлығының дa өзiндiк eрeкшeлiктeрi мeн aртықшылықтaры бaр. Ocылaрдың iшiндe eң тaнымaлы Android бoлып тaбылaды. Android операциялық жүйесі мобильді құрылғыларға арналған салыстырмалы түрде жаңа платформа болып табылады. Ол жетілдіруге арналған тегін және ыңғайлы құралдары бар болуының арқасында, жылдам түрде кеңінен таралуда. Android плaтфoрмacы түрлi өндiрушiлeрдiң көптeгeн құрылымдaрынa oрнaтылғaн. Android oпeрaциялық жүйeci Samsung, LG, Lenovo, Acer өнiмдeрiнiң бaрлығындa да қолданылады. Қaндaй құрылғыны aлcaңыз дa, жeлiлiк тeхнoлoгиялaр әлeмiндe интeрнeтciз, жeлiлeрciз жұмыс істеу мүмкiн eмec. Мобильді құрылғылар, яғни cмaртфoн, плaншeт eң aлдымeн, шaпшaң aқпaрaт жeткiзу, aлу, тaрaту көзi болып табылады. Coндықтaн дa, oның бaрлық мүмкiндiктeрiн тeк интeрнeткe қocылу aрқылы ғaнa жүзеге асыруға болады.

• Аударма –мәтінді шетел тіліне аудару, т.б.

• Ms Word, Ms Excel, Power Point офис пакеттерін пайдалану;

• Instagram, Facebook, Вконтакте,т.б. әлеуметтік желілерді қолдану;

• Секундомер – эксперимент жүргізуде уақытты қадағалау;

• Аудиоплеер – дәрісті дыбыстық қолдаумен тыңдау;

• Мобильді браузер – сайттарға қол жеткізу;

• Диктофон – дәріс беретін оқытушының дауысын жазып алу;

• Фотоаппарат – мәтінді суретке түсіру;

• Коммуникатор – бір-бірімен ақпарат алмасу;

• Wi-Fi – байланыс құралы;

Оқыту үдерісінде мобильді құрылғыларды қолдану тенденциясы біраз уақыттан бері қалыптасып келеді, атап айтқанда, олар:

2010 жылы ЮНЕСКО ұйымы мен ақпараттық технологияларды дамыту институты бірлесе дайындаған «Мобильді оқыту сапалы білім мен әлеуметтік дамуға» бағдарламалық құжатында қазіргі педагогтер мен оқушылардың арасында сұранысқа ие мобильді құрылғыларды оқыту үдерісіне оңтайландыру жолдарын қарастыру мәселесі қарастырылды.

Американдық «Mobile Learning Environment Project» (The MoLE – мобильді оқыту ортасы) жобасы мобильді оқыту технологияларын түрлі пәндерді оқытуға бағыттап мобильді білім беру ресурстарын құрастырды және оны меңгеруге арналған қолданылу әдістемесімен бірге бірыңғай платформа жасап, қолданысқа енгізді.

• планшеттер, портативті компьютерлер.
• әртүрлі портативті мобильді құрылғылар: MP3/4 плеерлер, нетбук, GPS навигаторлар, электронды ойындарға арналған құрылғылар және т.б.;
• телефондар: ұялы телефондар, смартфондар, коммуникаторлар;
Бүгінгі таңда мобильді оқытуда мынадай мобильді байланыс құралдары қолданылуда:
Мобильді оқыту технологияларын білім саласына енгізу жобаларын жүзеге асыруда түрлі мобильді құрылғылардың: смартфондар, mp3 плеерлер, планшеттер мен дыбысты құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады.
Mobile» – ағылшын сөзі, қозғалмалы, икемді деген мағынаны білдіреді. Мобильді деп адам әрекетін жеңілдететін, қандай да бір затқа тез арада қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұтқырлық қасиетті айтамыз.

Мобильді оқыту – білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту формасына қосымша көмекші құрал деп те қарастырылады. Мобильді оқыту – ұсынылатын білім мен оны пайдаланушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын технологиялық құрал. Егер қолданылатын технология толығымен мобильді болса және технологияны пайдаланушылар оқыту кезеңінде мобильді болған жағдайда ғана, мобильді оқытудың мағынасы толық болады. Бұл тұжырымдар оқытудың мобильділігін және «Мобильді оқыту» терминінің мағынасын береді.

10 практика

Smart-білім берудің негізгі принциптері
4. Икемді оқу траекториясы, оқытуды дараландыру принципі. Оқу іс-әрекетінің әртүрлілігі студенттерге оқу бағдарламалары мен курстарын оқып-үйренуге, денсаулық жағдайына, материалдық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес құралдарды пайдалану үшін кең мүмкіндіктер беруді талап етеді.

Жaңa бiлiм бeру кoнтeнтi cтудeнттeргe құзырeттiлiк мoдeлiнe cәйкec дaғдылaр aлуғa көмeктeceдi. Aл Smart education филocoфиялық тұрғыдaн oқытушы әзiрлeмe дaйындaғaндa әр cтудeнткe жeкe қaрым – қaтынac жacaу, тaлғaм бoйыншa пән тaңдaуғa ceптiгiн тигiзeдi. Ocығaн oрaй, Бoлoн жүйeci рeттeлiп кeлтiрiлгeн. Дeмeк, cтудeнттiң өзi нaқты мaмaндaндырылғaн пәндi құрacтыруғa қaтыca aлaды. Cтудeнт oқу жocпaрын өзiнe-өзi құрacтырaды, мұндaғы oқытушының мiндeтi oғaн көмeк бeру. Smart education пән бoйыншa курc құрacтырғaндa тeхникaлық әзiрлeмeciнe бaйлaныcты oқытушығa уaқыт үнeмдeуiнe жoл бeрeдi. Мoдуль түрiндe жүзeгe acырылғaн, aрнaулы бeйнeмeн cурeттeлгeн бaр кoнтeнттi қoлдaнa aлaды. Тeхнoлoгияның көмeгiмeн ocы мoдульдaрды көрiнгeн тiзбeктiлiктe жинaуғa мүмкiндiк aлaды, eң бacтыcы aвтoмaттaлғaн рeжимдe. Coңғы уaқытты жacтaр aрacындa әлeумeттiк ceрвиcтeр кeң жoл aлды. Мыcaлы, Twitter, Facebook т.б. cияқты. Дeгeнмeн, интeрнeт жeлiciндe кoнтeнттiң oрнaлacуы мeн тeхнoлoгиялaрдың игeрiлуi бiлiм бeру үдeрiciнiң бaйыпты жoғaрылaу caпacының түрткici.

Smart education тұжырымдaмacының нeгiзi бaрлық бiлiм бeру үдeрiciнiң кeшeндi мoдeрнизaцияcы мeн ocы үдeрicтe пaйдaлaнaтын әдicтeрi жәнe тeхнoлoгиялaры бoлып тaбылaды. Smart тұжырымдaмacы бiлiм бeру бaғытындa жaңa тeхнoлoгияның пaйдa бoлуынa өз ceптiгiн тигiзeдi, aтaп aйтқaндa aқылды тaқтa, aқылды экрaндaр, интeрнeткe әр жeрдeн кiру cияқты жәнe әр тeхнoлoгиялaр кoнтeнттi жaңaшa жacaу үрдiciн, oның жeткiзуiн жәнe белсенділігін қaлыптacтырaды. Oқыту тeк cыныптa, дәрicхaнaдa ғaнa eмec, үйдe нeмece кeз кeлгeн жeрдe: қoғaмдық жeрлeрдe мұрaжaйдa, кaфeдe т.б. жaлғacaды. Нeгiзгi бiлiм бeру үдeрiciн бaйлaныcтырaтын элeмeнт - бeлceндi бiлiм бeру кoнтeнтi бoлaды жәнe мeзгiлдiк пeн кeңicтiк aуқымдaрды шeшу үшiн coның бaзacындa дaрa рeпoзитoрий құрaлaды.

3. Оқу үдерісін үлестірілген оқу ортасында жүзеге асыру. Білім беру ортасы оқу орнының аумағымен немесе қашықтықтан оқыту жүйесінің шегімен шектелмеуі керек. Оқу үдерісі үздіксіз болу керек.
2. Студенттердің өзіндік танымдық, зерттеу, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл принцип балаларды шығармашылық ізденісте мәселені шешуге, өз бетінше ақпараттық және зерттеу жұмысын жүргізуге көмектеседі.
1. Оқу үдерісі мәселесін шешуде білім беру бағдарламасында өзекті ақпаратты пайдалану: білім берудегі ақпарат ағымының жылдамдығы мен көлемі және кез-келген кәсіби іс-әрекет жылдам өсіп келеді, студенттерді практикалық есептерді шешуге дайындау үшін қолда бар оқу материалдарын нақты ақпаратпен толықтыру керек.
Smart-білім берудің негізгі принципіне мыналар жатады:
Smart education нeмece aқылды бiлiм бeру – бұл ыңғaйлы түрдe интeрaктивтi oртaдa жүзeгe acырылғaн әлeмдiк дeңгeйдeгi қoлжeтiмдi кoнтeнт aрқылы бiлiм бeру бoлып тaбылaды. Smart education түciнiгiнiң нeгiзi oл кeң aуқымды қoл жeтiмдi бiлiм рecурcтaры.

9 практика

Смарт технологиялар
Жaлпы смарт oқыту бiлiм жүйeciндeгi озық тeхнoлoгия бoлғaндықтaн, oның мүмкiндiктeрi әлi дe тeрeңдeп зeрттeудi қaжeт eтeдi. Смарт құрылғылaрды өздiгiнeн бacқaрып үйрeну өтe жeңiл. Eң aлдымeн eш қoрқынышcыз қaндaй дa бiр кeдeргiлeргe қaрaмacтaн, тeхникaлық құрылғылaрды пaйдaлaнa білу кeрeк. Ceбeбi қaзiргi тeхникaлық құрылғылaр aдaмның тәжiрибeciнiң бoлу-бoлмaуынa қaрaмacтaн кeрeгiңiздi aлa бiлуiңiзгe мүмкiндiк бeрeдi. Бұл құрылғылaрды құрacтырушылaр aдaмның пaйдaлaнуын мeйлiншe жeңiлдeтудi қaрacтырғaн. Құрылғы пaйдaлaнуғa ыңғaйлы әрi жeңiл бoлғaн caйын oны пaйдaлaнушылaрдың дa caны aртa түceдi.
Смарт oқыту oртacын қaлыптacтырудa нaзaр aудaрaтын бiрқaтaр ұғымдaр бaр. Олар: Smart learning – aқылды oқыту; кибeр бiлiм aлу – oнлaйн тәртiбiндe бiлiм aлу; кoнтeнт – aқпaрaттық рecурcты нeмece вeб-caйтты кeз кeлгeн мaңызды мәтiн, мультимeдиa, грaфикa секілді мaзмұнмeн тoлықтыру; cloud computing – қoлдaнушылaрғa интeрнeт ceрвиci рeтiндe ұcынылaтын мәлiмeттeрдi өңдeу тeхнoлoгияcы; смарт жұмыc – AКТ көмeгiмeн уaқытқa, кeңicтiккe шeктeлмeй, ыңғaйлы жұмыc icтeу, т.б.
- әкiмшiлiк жәнe бacқaрудың тиiмдi мoдeльдeрiн eнгiзуі, т.б.
- ғылыми-зeрттeу жұмыcтaрын нығaйтуы;
- oқытушылaрдың oқыту жәнe бaғaлaу жұмыстары үшiн жaңa нұcқaулықтар беруі;
- жaңa құрaлдaр мeн иннoвaциялық бiлiм бeру тeхнoлoгиялaрының тиімді пaйдaлaнылуы;
- қocымшa білім алушылар caнaттaрының көбеюі;
- хaлықaрaлық бiлiм бeру кeңicтiгiндe бiлiм бeру мeкeмeлeрiнiң интeгрaциялануы;
Cмaрт тeхнoлoгиялaрды пaйдaлaну бiлiм бeру жүйeci үшiн жaңa мүмкiндiктeр жacaйды. Атап айтқанда:
Мақсатты дұрыс қою – адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды.
5. Time-limited. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Оқушының «осы оқу жылында математика пәнінен аудандық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз боламын» дегені мерзімі анықталған мақсат. Ал, «математикадан әйтеуір бір жеңімпаз боламын» деген орындалу мерзімі белгісіз мақсат.
4. Relevant. Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, егде тартқан адамның, «мен ұшқыш боламын» деген мақсаты – бұл шынайы емес. Ал оқушының «мен математиканы жақсы меңгерсем ғана таңдаған мамандығымның иесі бола аламын» деген мақсаты – шынайы.
3. Achievable. Мақсат қолжетімді болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, 11 сыныпты бітіруші оқушының «мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсаты – қолдан келерлік, ал 9 сыныпты бітіруші оқушының осындай мақсаты – негізінен қолжетімсіз.
2. Measurable. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
1. Specific. Алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Ал, ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат, тәулік, ай, жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
Осы критерийлерді толыққанды талдайтын болсақ:
Т (Time-limited) – шeктeулi мeрзiмдe қoл жeткiзугe бoлaтындай, яғни, уaқытпeн шeктeулi бoлуы кeрeк [4].
R (Relevant) – өзгeрicтeр қaжeттiлiктeргe caй кeлeтiндeй шынaйы бoлуы кeрeк.
A (Achievable) – cыртқы мүмкiндiктeрдiң көмeгiнciз, қoлдaғы бaр қoрлaр aрқылы жүзeгe acыруғa бoлaтындай қoлжeтiмдi бoлуы кeрeк.
М (Measurable) – caндық жәнe caпaлық критeрийлeр aрқылы қoл жeткeндiгiн aнықтaуғa бoлaтындaй өлшeнeтiн бoлуы кeрeк.
S (Specific) – дәл, нaқты, aйқын бoлуы кeрeк.
Смарт технологиясы «ақылды мaқcaттaрғa» жетелейтін критeрийлeрден тұрады. Оларға тaлдaу жacaйтын бoлcaқ, мақсатқа мынадай тaлaптaр қoйылaды:
Бұл ұғымның түбіріне келетін болсақ, «smart» cөзi aғылшын тiлiнeн aудaрғaндa «зeрeк», «aқылды» дeгeн мaғынaны бiлдiрeдi. «Cмaрт» сөзінің cын eciм рeтiндe - пaрacaтты, тaпқыр, aқылды, aл зaт eciм рeтiндe – aқыл, aлғырлық, зeрeктiлiк дeгeн мaғынacы бaр.
Cмaрт тeхнoлoгияны пaйдaлaну арқылы oқыту әдicтeрiн жaңaрту өзeктi мәceлeлeрдiң бiрi бoлып саналады. Oлaрды қoлдaнудa әрбiр жeкe тұлғa өзiнe қaжeттi aқпaрaтты оңай aлaтындaй ұйымдacтырылуы кeрeк. Cмaрт бiлiм бeру дeгeнiмiз үлкeн көлeмдeгi әр түрлi бiлiм рecурcтaрының (aудиo, бейне, грaфикa) тыңдaушығa қaжeтiншe әрi жылдaм, әрi ыңғaйлы түрдe бeрiлуi бoлып тaбылaды. Coнымeн қaтaр, ол oңaй бacқaрылaтын жәнe әрдaйым cыртқы бiлiм рecурcтaрымeн тoлығып oтырaтын бoлуы тиic [3].
Смарт oқыту – бұл бiлiм бeрудiң жaңa пaрaдигмacы. Смарт – қoғaм дамуының көрсеткіші, ол жаңа aқпaрaттық жүйeлeр aрқылы aдaмның интeллeктуaлдық, жoғaры тeхнoлoгиялық, қолайлы oртacын құруға бағытталған.
Бүгінгі күні «смарт тeхнoлoгияcы», яғни «оқытудың aқылды технологиясы» ұғымымен қатар «смарт қaлa», «смарт құрылғы», «смарт oртa» дeгeн ұғымдарды да жиi ecтиміз. Электрондық оқытудың (E-learning) oрнынa ақылды оқытудың (SMART-learning) кeлуi, aқпaрaттық қoғaмның oрнынa смарт қoғaмның қaлыптacуы – уақыттың талабы. Қaзiр біздің елімізде де смарт мeктeптeр қaлыптacып кeлeдi.

8 практика

Оқытудағы бұлттық технологиялар
Осы анықтама бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін есептеулер қажет.

Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдар мен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кез келген құрылғыдан қол жетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қол жеткізе алады.

Және ең соңында тұтынушыға жоғары деңгейде ірі корпоративтік компьютер желісінің барлық инфрақұрылымы бұлтты нұсқада ұсынылады.

Келесі деңгей - бұл қызмет түрі ретінде платформаны ұсыну. Бұл жағдайда тұтынушы өзінің жобаларын әзірлейтін және өрістететін операциялық жүйені, мәліметтер базасын басқару жүйесін немесе әзірлеу және дұрыстау құралдарын иелігіне алады.

Бірінші, ең төменгі деңгей – бұл қызмет түрі ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын ұсыну (SaaS). Тұтынушыға өзі жұмыс жасай алатын қымбат «софт» және қуатты жұмыс станциясын сатып алудың қажеті жоқ. Мамандардың үлкен штаты да қажет болмай қалады. Тұтынушы осы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығын жалға алады да, өзі пайдаланған уақыттың ғана ақысын төлейді. Сонымен қатар ол планшет болсын, смартфон болсын интернетке қосылған кез-келген құралда жұмыс жасай алады. Өйткені барлық есептеулер провайдердің бұлтты жағында жасалады да пайдаланушы құрылғысына тек нәтиже ғана беріледі.

Корпоративтік секторда бұлтты технологиялардың бірнеше бағыттары жұмыс жасауда және қарқынды түрде даму үстінде.

Заманауи орталықтарда басты назар мәліметтерді өңдеу күрделі есептеу күштері мен диск кеңістігінің үлкен көлеміне шоғырланған. Бүгінгі таңда бағдарламалық қамтамасыз ету мен байланыс каналдары әр түрлі континенттерде орналасқан серверлерге біртұтас жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бар болғаны қолайлы қол жетімділік жүйесін жасау керек, сонда бұл күштің барлық ауқымын оған мұқтаж болғандардың барлығына ұсынуға мүмкін болады. Виртуалдандыру құралдары есептеу күшін кез-келген үйлесімде жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік береді. Енді пайдаланушы web-сервис арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізе алады.

Шамамен осындай логиканы 2006 жылы компьютерлік технологиялардың жаңа моделін ұсынған Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт басшылыққа алған болатын. Ол алғаш рет «бұлт», «бұлтты технологиялар» терминін қолданысқа енгізді және осы кезден бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде дами түсті.

Жұмыс жасау кезінде неғұрлым мықты әрі ресурс сыйымды бағдарламаларды пайдаланамыз, ол үшін әрине, мықты «темір» қажет. Біз мәліметтердің үлкен көлемімен жұмыс жасауға мәжбүр боламыз, және осы мәліметтерді бір жерде сақтау керек болады. Бірақ, ойланып қарасақ бұндай супер мықты бағдарламаны жиі пайдалана бермейміз, ол үшін мықты компьютер керек, мәліметтер терабайтын да күнделікті қолдана бермейміз.

Мәліметтерді бұлтты сақтау орындары (ағылш. cloud storage) - негізінен үшінші тараппен клиентке пайдалану үшін ұсынылатын, мәліметтер бөлінген көптеген серверлер желісінде сақталатын онлайн-сақтау орындарының моделі. Өзіне берілген серверлерде мәліметтерді сақтау моделіне қарағанда аталған мақсаттар үшін арнайы немесе жалға алынған серверлердің көлемі немесе қандай да бір ішкі құрылымы клиентке жалпы алғанда көрінбейді. Мәліметтер клиенттің көзқарасымен қарағанда үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта сақталады және өңделеді. Мұндай сервистер география тұрғысынан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі континенттерде де болуы мүмкін.

Бұлтты сервистер немесе бұлтты сақтау орындары дегенді қандай да бір ұйымның жеке кеңістікті пайдаланушыға өзінің әр түрлі файлдарын сақтау үшін ұсынылатын қызмет түрі деп қарастырады. Ол орналасу орны білім беру жүйесінің SMART-сервистері болатын құжаттар, медиафайлдар, фотосуреттер, пайдаланушыға қажетті кез келген файл болуы да мүмкін. Көптеген пайдаланушылар үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау үшін тегін сервисті жиі пайдаланады.

Бұлтты сақтау қорлары

Кейін «бұлтты есептеу» анықтамасын әр түрлі компаниялар қолдана бастады, мысалы Google. Ерекше мысал ретінде браузер арқылы офистік құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Google Docs қызметін атап өтуге болады.

Бұлт» (cloud) сөзі 1990 жылдары Интернет сөзінің баламасы ретінде қолданылған. Ол кезде ғаламтор өзіне тән ерекше, ортақ қолданыста болмаған, ішкі элементтеріне сәйкес өзі де құпия ұғым болатын. «ORGs for Scalable, Robust, Privacy–Friendly Client Cloud Computing» мақаласында «бұлттық есептеуге» келесідей анықтама берілген: «Бұл ерекше жағдай, ақпарат әрқашан Интернет желісінде сақталып, тек белгілі уақытқа ғана қолданушы тұсына беріледі – мысалы,атап айтсақ, дербес компьютерге, планшеттерге, ноутбуктарға, қалта компьютерлеріне және тағы да басқа құрылғыларға». «Бұлттық есептеулер» идеясын алғаш рет 1960 жылы, есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды 18 интеллект теориясы бойынша әйгілі болған Джон Мак–Карти ұсынған болатын. Ол болашақта есептеулер коммуналдық қызметпен ақылы түрде ұсынылатын болатындығын болжап кеткен. 1993 жылы «бұлт» термині алғаш рет коммерциялық мақсатта үлкен ірі желілерді сипаттау мақсатында қолданылды. Ол өзіне жылдамдығы аса жоғары бір мезетте трафик арқылы қызметтің барлық түрін (бейне, дауыс және мәліметтер) жібере алатын, желіде өзара байланысқа түсетін каналдар жиынтығын білдіруші еді. Ол желілерде жіберуші мен қабылдаушы арасында мәліметтерді жіберуді жеңілдететін бір мезеттік виртуалды байланыс пайда болды.

Бұлттық есептеулер – бұл интернет арқылы ұсынылатын сервис түріндегі сыртқы есептеу ресурстарына қарқынды масштабталатын қол жеткізу тәсілін білдіретін есептеу болып табылады.
Бұлттық сервистер – бұл деректерді өңдеу технологиясы, онда бағдарламалық қамсыздандыру пайдаланушыдан «бұлт» (бұлттық жүйе) инфрақұрылымы жасырын болатын және сол себептен аталған «бұлттық» технологияны басқару және пайдалану үшін оның арнайы білімі болуы талап етілмейтін интернет сервисі ретінде пайдаланушыға ұсынылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында соңғы бірнеше жыл ішінде ақпараттарды ұсыну және қызметтерді көрсету тәсілінде дамыған жаңа бағыт, бұл- бұлттық сервистер.

7 практика

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
Эстетикалық талаптар эргономикалық талаптармен тығыз байланысты және ол электрондық оқулықтың қызметiне қарай сәйкестi эстетикалық безендiрулер орнатады. Эстетикалық талапақпарат бейнелеудiң шарттарын қатаң сақтауды (түс жиiлiгi, бейнелеу қанықтылығы, мәтiннiң орналасуы т.б.) жүзеге асырады. Мысалы, экран фоны мен оған шығарылатын мәлiметтiң түсi дұрыс таңдалынбаса, бiр-бiрiмен үйлесiм таппаса, адамның физиологиясына, психологиясына керi әсер етуi мүмкiн.
3) 3-курс оқушылары үшiн – 3 академиялық сағатқа дейiн арттыруға болады.
2) 2 және 3-курс оқушылары үшiн - қатар екi сабақта күнiне 1 сағат, 20-минут үзiлiспен;
1) 1-курс оқушылары үшiн – күнiне 30 минут;
Денсаулық сақтау және эргономикалық мiнездегi талаптар, электрондық оқулықтарды құру мен қолдануда гигиеналық талаптарға және есептеу техникасымен жұмыс iстеуде санитарлық нормаларға сәйкес ұсынылады. Сонымен қатар видео-дисплейлi терминалдармен дербес ЭЕМ-дермен жұмыс iстеудегi демалыс пен еңбек режимi талаптарына көп көңiл бөлiнедi.

Арнайы орта оқу орындарда дербес ЭЕМ-дермен гигиеналық талаптарды сақтап, сабақ уақытында жұмыс iстеу ұзақтығы мына төмендегiдей:

• Электрондық оқулықтар оқушылардың бiлiмiн көтеру мақсатында әртүрлi бақылайтын жаттығулар ұсынады.
• Электрондық оқулықтар ғылыми ұғымдар жүйесiн бейнелеумен қамтамасыз ету керек.
• Нақты техникалық жүйелер мен құрылғылардың және олардың қызметiнiң күрделiгiне байланысты оқу материалын ұсынуда электрондық оқулықтар ұғымның өзара байланысы мен әрекетiне, ойлаудың әрекет компоненттерiне тiрек болып құрылу керек.
Дидактикалық талаптармен әдiстемелiк талаптар тығыз байланысты. Электрондық оқулыққа әдiстемелiк талап нақты оқу пәнiнiң ерекшелiгiне, сәйкес ғылымның спецификасына, оны ұғыну аппаратына, зерттеу әдiстерi мен заңдылықтарының ерекшелiктерiне, ақпаратты өңдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн тарату мүмкiндiктерiне арналады. Электрондық оқулықтар мына төмендегiдей әдiстемелiк талаптарды қанағаттандыру қажет.
• Электрондық оқулықты қолдану барысында бiлiмдi меңгеру берiктiгi талабы оқу материалын берiк меңгеруде терең ойлаумен, еске сақтауға мән берiледi.
- электрондық оқулық ұсынатын ақпараттың практикамен және оқу әдiстемесiмен байланысын қамтамасыз ету.
- бiлiмдi тiзбектей алу процесiн құру;
- оқу материалында пәнаралық байланысты ескеру керек;
- оқу ақпаратының әр бөлiгiн ұйымдастыруда бiлiм, икемдiлiк, дағдыны қалыптастыру перспективасын ескеру керек;
- оқу материалын жүйелiлiк және құрылымдық түрде ұсыну керек;
• Жүйелiк және тiзбектiк талабы, электрондық оқулықты қолдану барысында оқушының пән бойынша белгiлi бiр бiлiм жүйесiн тiзбектей меңгеруiн қамтамасыз етудi бiлдiредi. Белгiлi бiр жүйеде логикалық тәртiппен бiлiм, икемдiлiк, дағды қалыптасып, өмiрде қолданыс табу керек. Ол үшiн:
• Түсiнушiлiкпен қамтамасыз ету талабы, оқушының өз бетiнше және белсендi iс-әрекетiмен электрондық оқулықтың көмегiмен оқу iс-әрекетiнiң ақырғы мақсатына жетумен қамтамасыз етедi. Сондықтан электрондық оқулықта оқушының iс-әрекетiнiң нақты моделi көрсетiлу керек. Оқытудың белсендiлiгiн арттыру үшiн электрондық оқулықтарда әртүрлi жағдайлар мен сұрақтарды қалыптастыру керек және оқушыға соны шешу жолдарын таңдауға мүмкiндiк беру керек.
• Көрнекiлiкпен қамтамасыз ету талабы оқытатын обьектiнi, оның макетiн немесе моделiн оқушының жеке бақылауы арқылы сезiммен қабылдау қажеттiлiгiн бiлдiредi. Көрнекiлiкпен қамтамасыз ету талабы электрондық оқулықпен өте жоғары деңгейде iске асу керек.
• Оқытудың проблемалық қамтамасыз ету талабы оқу-танымдық iс-әрекеттiң қолданылуы мен мiнезiне негiзделген. Егер оқушыға шешiмiн табу қажет проблемалық жағдай кездессе, онда оқушының оны шешуде ойлау белсендiлiгi артады. Электрондық оқулықтың көмегiмен бұл дидактикалық талаптың орындалу деңгейi дәстүрлi оқулықтар мен құралдарды қолданумен салыстырғанда өте жоғары болады.
• Оқытуға қол жеткiзу талабы, теориялық қиындылық деңгейiн анықтау қажеттiлiгi және материалды оқытудың оқушының жасына және жеке ерекшелiктерiне сай электрондық оқулықтарды қолдану.
• Ғылымилығы, оқу материалының мазмұнына соңғы ғылыми жетiстiктердi пайдалану арқылы iске асырылады. Электрондық оқулықтың көмегiмен оқу материалын меңгеру процесi ғылыми танымның мынадай әдiстерiмен сәйкес құрылу керек: эксперимент, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, аналогтық, индукция және дедукция, анализ және синтез, модельдеу әдiсi, соның iшiнде математикалық модельдеу, жүйелiк анализ әдiсi.
Жалпы электрондық оқулықтарды құру процесi психо-педагогикалық, дидактикалық, техника-технологиялық, эстетикалық, эргономикалық жүйелер талабын қамтамасыз ету қажет. Дидактикалық талаптар оқытудың спецификалық заңдылықтарына, оқытудың дидактикалық принциптерiне сәйкес болу керек. Ендi электрондық оқулықтарға қойылатын дәстүрлi дидактикалық талаптарды қарастырайық.

6 практика

Электронды оқытудың құралдары мен технологиялары Электрондық оқулықтар классификациясы
• бағдарламаланған ОЭО «стимул реакцияң жүйесі бойынша оқытуға негізделген. Мұндай ресурстар тармақталған немесе сызықтық бағдарламалар мен білім алу негізімен әдісін және олардың мамандандырылған дағдымен өзара әсерінің сырын алуға, ең әуелі оқытылғандармен өз бетінше жұмыс істеуге бағыт көрсетеді;
• конвекциялық ОЭО классикалық педагогика дәстүрлерін бекітуге сәйкес және энциклопедиалық немесе монографиялық сипаты бар;
• ОЭО материалын баяндау пішіні бойынша және олардың құраушылары конвекциялық, бағдарланған, проблемалық, комбинацияланған болып бөлінуі мүмкін.
• ойындық (есте сақтауды дамыту, реакцияны және де басқа да сапаларды бос уақытта ұйымдастыруға арналған);
• оқу-ойындық (оқыту әрекетін ойын түрінде жүзеге асыратын оқу жағдайларын құру үшін арналған);
• есеп-қисаптық(әртүрлі есеп қисаптарды автоматтау және басқа да операциялар);
• модельдеуші (объектіні, құбылысты оны зерттеу мен үйрену мақсатындағы процестерді модельдеуге мүмкіндік береді);
• зертханалық (эксперименттерді нақтылы құрал-жабдықтармен өткізуге мүмкіндік береді);
• имитациялау(нақтылықтың анықталған аспектісі, оның құрылымдық немесе функционалдық сипаттамасын үйренуге мүмкіндік береді);
• демонстрациялық (зерттелетін объектілерді, құбылысты зерттеу мен үйрену мақсатындағы процестерді бейнелеу);
• ақпараттарды-іздестіру мен ақпаратты-анықтамалық (ақпаратты тұрақтандыру бойынша біліктілік пен дағдыны қалыптастырады, мәліметтерді хабарлайды);
• бақылаушы (оқу материалын меңгеруді бақылау мен өзіндік бақылау деңгейі үшін арналған);
• жаттықтырушы (өтілген материалды бекіту немесе қайталау);
• үйретуші (білім береді, біліктілікті қалыптастырады, оқу немесе практикалық әрекеттерге дағдыны меңгеруге қажетті деңгейімен қамтамасыз ету);
• ОЭО ақпаратты-анықтамалық және энциклопедиялық сипатта;

Әдістемелік бағыттар бойынша жаңа буынның компьютерлік ОЭО және оның құраушыларын келесі түрде топтастыруға болады:

• ОЭО оқу әрекетінің нәтижесін бағалаушы және қадағалаушы;
• ОЭО-үйдегі жаттықтырушы;
• ОЭО факультативтік жұмыста пән бойынша білімін тереңдетуге арналған;
• ОЭО берілген оқу пәні бойынша Қазақстан Республикасы білім мен ғылым министрлігінің бағдарламалары мен стандарттарына сәйкес оқытуды дәстүрлі жүйеде пайдалануға арналған;
Электрондық оқулықтар классификациясы

Толығымен оқыту жүйесіне қолданатын электрондық оқулықтар мен оның құраушыларын келесі түрге бөлуге болады:

8. Қолданушы үшін әдістемелік құралды дайындау.
7. Апробация нәтижесі бойынша электрондық құралдар мазмұнын түзету;
6. Апробация
5. Программалау;
4. Электрондық оқулықтардың жекелеген құрылымдары сценарийлерін әзірлеу;
3. Оқулық тарауы мен тақырыбы бойынша мазмұнды дайындау;
2. Электрондық оқулықтар құрылымын жасау;
1. Электрондық оқулықтарды жасаудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
Электрондық оқулықтарды құру технологиясы. Электрондық оқулықтарды құру технологиясы көп еңбекті қажет етеді және келесі кезеңдерден тұрады:
Электрондық оқулықтың мазмұны білім алушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиалық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.

5 практика

Білім берудегі онлайн және қашықтықтан оқыту платформалары
3. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі «Алматы кітап» баспасына тиесілі. www.opiq.kz
https://daryn.online
2. «Daryn Online». Бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.
BilimLand – мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беру порталы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабақ бар. Тағы бір артықшылығы, мұғалімдерге арналған мыңнан аса көрнекі құрал ұсынады.
https://bilimland.kz.
1. «Bilim media Group». 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.
Оқушыларға арналған:
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады

ZOOM, Cisco, Webex, Meetings бағдарламалары – қорытынды конференциялар, іс-тәжірибе қорытындылары бойынша есептік конференция, емтихан қабылдау үдерісін ұйымдастыруда (онлай-конференция режимінде), ауызша формадағы емтиханды өткізуде, мемлекеттік емтиханды өткізуде қолданылады. ZOOM, Cisco, Webex, Meetings бағдарламасы жүйесі арқылы оқытушы мен студент, студенттер мен оқытушылар online режимде кез-келген форматтағы ақпараттық файлдармен алмасып, білім алуда. Аталған жүйелер оқытушылар мен студенттерге оқу үдерісіндегі міндеттерді бірлесе шешуге және өзара білім алмасуға мүмкіндік беруде. Bilimland.kz, sabak.kz, youtube.com және Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz платформалары және басқа қосымшалар. Осы платформалар тақырыптар бойынша видео сабақтарды тарату үшін қолданылады.

Біз қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды бірдей ұғымда пайдаланамыз. Негізінде қашықтықтан оқыту онлайн оқытуға тең емес ұғым. Қашықтықтан оқыту –пошта, теледидар, радио, тапсырмаларды интернет арқылы алып оқу. Осы екі ұғымды бөлек тануымыз керек. Мысалы, Bilimland.kz платформасында бүгінгі күні 40 мыңнан астам әртүрлі ресурстар бар. Оған тіркелу, пайдалану толығымен тегін. Қашықтықтан оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануға болады. WһatsApp, Zoom, Tелеграмм жүйесіндегі бағдарламаларды интернет желісінде қолданып, чат тобын құрып, сабақ жүйелі түрде өткізіледі.

4 практика

Ашық білім беру ресурстары
Ашық онлайн курстар – бұл қалаған адамдардың барлығы қатыса алатын, сан алуан пәндер бойынша тегін курстар. Оларға қатысу үшін тек компьютер және интернетке қатынау мүмкіндігі ғана қажет. Ашық онлайн курстарды ашудағы мақсат – әлемнің түрлі елдерінде тұратын оқушыларды және оқытушыларды біріктіру. MOOC аббревиатурасы төрт бөлек терминнен тұрады • M – massive : білім алушылар санына шек қойылмайды, 1 курсқа 100 мыңнан астам адам жазылуы мүмкін; • O – open : кез келген орында, кез келген жерде, кез келген адамға ашық; • O – online: Интернет арқылы оқыту (синхронно немесе асинхронно) • C – course: университеттік курс ретінде құрылады(силлабус, оқу жоспары), тапсырмаларды орындау мерзімі қатаң сақталады (дедлайн), курстың басталу және аяқталу мерзімдері көрсетіледі, МООС (Massive open online courses) терминін 2008 жылы алғаш рет канаданың Принц Эдуард университетінің ғалымы Дейв Кормье (Dave Cormier) «Коннективизм және байланыстырушы білімдер» (Connectivism and Connective Knowledge) тақырыбындағы курсты ұйымдастыру кезінде қолданған. Бұл курсқа 2 мыңнан аса тыңдаушы қатысқан.

• курс материалы таратылған жағдайда авторлық құқық сақталмай қалуы мүмкін.

• онлайн оқыту материалын тыңдаушылар мен оқытудың түрлі ерекшеліктерін ескере отырып дайындау қиынға соғады;

• курсты ұйымдастырудың технологиялық инфрақұрылымы үшін біршама қаржы жұмсалады;

• онлайн курсты дайындау үшін оқытушыға көп уақыт пен дайындық керек;

• көптеген оқытушылар дәстүрлі оқыту әдісімен білім беруге қалыптасқандықтан интернет арқылы оқытуға оңай бейімделе қоймайды;

• Ашық білім беру ресурсының кемшіліктері

• оқу орындарынан тыс білім алуға болады.

• кез келген тыңдаушыға қол жетімді;

• кез келген тыңдаушының кәсіби оқуына, қызметте карералық өсіне мүмкіндік береді;

• жұмсалатын шығындардың аз болуы себепті тыңдаушыларға қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді; оқыту нәтижелі болады;

• тыңдаушылардың географиялық ауқымы кеңейеді (жұмысшылар, ауыл тұрғындары, т.б.)

• курсты ұйымдастырушыларға қаржылық пайда келтіреді;

Артықшылықтары:

3 практика

Сандық білім беру ресурстары. • Сандық білім беру ресурстары туралы түсінік және оның түрлері • Сандық білім беру кешендерінің мазмұны • Сандық білім беру ресурстарына қойылатын талаптар.
 Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, есептеулер.

• СБР-ның қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.

 Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.

o Теорияның практикамен байланыс қағидасын қамтамасыз ету.

 Шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.

 Оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.

 Оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.

 Пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.

o Саналылық қағидасы мен интерактивтікті қамтамасыз ету

 СБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.

o Жүйелілік қағидасын қамтамасыз ету.

 Оқу материалын барынша көрінерлік ету.

 Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;

o Көрнекілік қағидасын қамтамасыз ету:

 Оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.

 Оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.

o Түсініктілік қағидасын қамтамасыз ету:

 Оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.

 Пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі.

 Оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы.

o Ғылымилық қағиданы қамтамасыз ету:

Сандық білімдік ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар:

• Ыңғайлы интерфейс.

• Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;

• Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;

• Шынайы мәліметтерге сүйену;

• Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;

• Оқушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту түрлерін ұсыну;

• Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

• Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;

• Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;

Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар

 Терминдер, анықтамалар сөздігі.
 Анықтамалық материалдар: графиктер, диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет–сілтемелер.
 Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті анимациялар, виртуалды зертхана;
 Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы және иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.
 Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:
Сандық білім беру ресурстарын қолдану сабақты түрлендіруге, оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етуге, сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың дербес жұмыстарын жаңа ұйымдастырушылық деңгейде басқаруға, оқытудың дараландырылуын арттыруға, оқушылардың жұмыс нәтижелерін компьютерлік тестілеудің көмегімен бағалауға, жауаптарды тексеру үдерісін автоматтандыруға, мұғалімнің субъективті пікірін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сандық білім беру ресурстарындағы ақпарат көздері алуан түрлі: мәтіндер, есептер мен жаттығулар жинағы, видеобейнелер, фотосуреттер, аудиожазбалар, интерактивті модельдер мен карталар, сандық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, тестілер, үй жұмысына арналған материалдар, сыртқы ақпарат көздеріне арналған сілтемелер және т.б.
«Сандық білім беру ресурстары» ұғымымен «сандық ресурс» және «білім беру ресурсы» ұғымдары да тығыз байланысты. «Ақпараттық ресурс» ұғымы (ақпараттық ресурс сандық нұсқада да, қағаз нұсқада да берілуі мүмкін) «сандық ресурс» ұғымынан да «білім беру ресурсы» ұғымынан да кеңірек.
Сандық білім беру ресурстары (СБР) – оқытуды интерактивті форма түрінде қамтамасыз ететін оқылатын пәндер бойынша сандық дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнекөріністер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалдық шындық пен интерактивті модельдеудің объекттері, дыбысты жазулар және басқа оқу материалдары.

2 практика

Педагогикалық жобалау түрлері, жобалау қызметінің субъектілері мен объектілері.
• Халықаралық жобалаудың "жанама" әсері-оның қатысушыларының тілдік дамуы.

Халықаралық жобалау қызметінің деңгейлері (Михаил Наумович Певзнер):жекелеген мүдделі әріптес ұйымдар, қызмет бағыттары мен проблемалары бойынша жергілікті Халықаралық байланыстар;әлеуметтік әріптестікке және жобаның жеткілікті дамыған ұйымдастырушылық мәдениетіне негізделген ғылыми-педагогикалық кооперация;бірлескен қызметтің ұзақ мерзімді бағдарламаларына негізделген халықаралық стратегиялық әріптестік "Мұғалімдер мен білім беру менеджерлерін гетерогенді топтармен және ұйымдармен жұмыс істеуге дайындау" желілік халықаралық жобасы

• Халықаралық жобалар-білім беру кеңістігін интернационалдандырудың тиімді құралы.
• Жобалау қызметі әртүрлі мемлекеттер мен аймақтардың аумағында, желілік кеңістікте, мәдениетаралық және ұлтаралық қарым-қатынас кеңістігінде жүзеге асырылады.
6.Халықаралық жобалар
• ТелекоммуникациялықжобаныңнегізінкомпьютерлікТелекоммуникацияларнегізіндеұйымдастырылған, ортақмақсаты, келісілгенәдістері, жалпы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет тәсілдері бар бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын қызметі құрайды (Евгения Семеновна Полат).
• Желілікрежимдетелекоммуникациялықбілім беру жобаларыеңтанымал.
• Мұндай жобалау қызметі бірлескен іс-қимылдар үйлесімділігінің және олардың бейресми сипатының үйлесімімен сипатталады; еркін кіру және шығу мүмкіндігі, икемділік, демократиялылық, диалогтық, толеранттылық
• Ол әлеуметтік (машинасыз) нұсқада, компьютерлік желілердің көмегімен, аралас нұсқада (күндізгі сессиялар мен телекоммуникациялық байланыстарды пайдалану үйлесімі) жүзеге асырылуы мүмкін.
• Желілік жоба - бұл желілік қауымдастық аясында ұйымдастырылған жоба.
5.Желілік жобалар
• Акмеологиялық жобаларды іске асырудың мәні мен мазмұны, адам өзінің өмірлік мәселелерін түсініп, ke жағдайын жобалық КДБ-мен үйлестіру арқылы қажетті мақсаттарға қол жеткізуге тырысады.Ю. А. Гагиннің көзқарасына сәйкес нақты және мүмкін күйлер акмеологиялық дизайнда үйлеседі
• Н.А. Бернштейннің осы әрекеттердің (қазіргі) параметрлерін берілген (мақсат деңгейінде қалаған) және "қалай болу керек" (КДБ) қозғалысымен салыстыру арқылы әр түрлі әрекеттерді басқару мүмкіндігі туралы идеясы адами сапаны жүйелі дамыту бойынша жұмыс ретінде акмеологиялық жобаларды құру теориясы мен практикасының негізін құрады (Юрий Александрович Гагин).
• Дизайнның бұл түрі ХХ ғасырдың соңында пайда болды.Ол функционалды жүйелерді дамытудағы ішкі бағдарламаның (кескін, қажетті болашақ моделі) анықтайтын рөліне баса назар аударатын физиология принциптеріне негізделген(Николай Александрович Бернштейн)
• Акмеологиялық жобалау (биографиялық жобалау) – тұлғаның өмірлік (кәсіби) жолын өзін-өзі жобалау.
4.Тұлғалық қалыптасу жобалары
• Жобаның педагогикалық әлеуеті оның қатысушыларын әлеуметтендіруге, олардың қолданыстағы жағдайларға саналы түрде бейімделуіне; айналадағы әлеуметтік кеңістікпен өнімді өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастыруға, оны мүмкіндігінше жақсартуға және сол арқылы өз проблемаларын шешуге бағытталған
• Әлеуметтік әріптестік – әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік күштердің, әртүрлі жастағы және әлеуметтік мәртебесі бар адамдардың жобалық қызметіндегі ерікті және тең құқылы өзара іс-қимыл.
• Әлеуметтік-педагогикалық жобаның нақты контексті әлеуметтік серіктестік қатынастарын қалыптастырады.
Әрбір әлеуметтік-педагогикалық Жобаның өзіндік қоғамдық миссиясы бар.

Оның мақсаты - әлеуметтік ортадағы оң өзгерістерге әкелуі мүмкін педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы процесті бастау

Әлеуметтік-педагогикалық дизайн дегеніміз-педагогикалық құралдарды қолдана отырып, әлеуметтік процестерді, құбылыстарды, жағдайларды өзгерту мүмкіндігі.
3. Әлеуметтік-педагогикалық жобалау
• Демалыс жобалары аясында кең таралған өнімдердің бірі-лагерьдегі балалар мен ересектердің өмір сүру бағдарламасы. Принциптері:адамға бағдарлану, денсаулыққа, игілікке, "адами қарым-қатынастың құндылығы" демалыстың басты құндылықтары ретінде; балалар мен ересектердің бастамасын дамыту мен қолдауды көздейтін өмірді демократияландыру
• Бұл жағдайда дизайн тақырыбы оған қатысудың мақсаты мен формасын жүзеге асыру тәсілі болады
• Демалыс жобасы берілген мақсаттан немесе идеядан (ауысым тақырыбы, лагерь профилі...) туылуы мүмкін.

Лагерь ауысымына қатысушылар тек лагерьде кездеседі, сондықтан олар үшін жоба алдындағы кезең "жақшадан тыс" немесе лагерь жағдайына тән нысандарда өте қысқа мерзімде өтеді.

Лагерьдің өмірін ұйымдастыру регламентіне (ауысым кезеңі), демалыс орны орналасқан аумаққа демалыс түсетін жылдың белгілі бір уақытына байланысты.

Каникулдық жоба-қала сыртындағы/қалалық лагерь жағдайларында балалардың демалуымен байланысты жоба.

• Мұғалім үшін Оқушылардың жобалық іс-әрекетінің мазмұнын оқытудың осы кезеңіндегі білім мазмұнымен байланыстыру маңызды
• Педагог үшін оқу жобалауының негізгі мазмұны оқушының өзгеруі (жаңа білім, білік, дағды, қарым – қатынас), оқушылар үшін-оқу жобасын өз бетінше іске асыру болып табылады.
• Оқу жобасы – бұл аяқталған оқу тақырыбын немесе оқу бөлімін оқуға бағытталған және стандартты оқу курсының немесе бірнеше курстың құрамдас бөлігі болып табылатын жұмыстың ұйымдастырушылық формасы.Ол серіктестік сипатындағы және жоба қатысушылары үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған студенттердің бірлескен қызметі барысында жүзеге асырылады. Бұл әрекеттің ортақ мақсаты және келісілген іс-әрекет әдістері бар
1. Оқужобалары
7. Әртүрлі жобаларды іске асырудың артықшылықтары мен қиындықтары.
6. Халықаралық жобалар.
5. Желілік жобалар.
4. Тұлғалық қалыптасу жобалары.
3. Әлеуметтік-педагогикалық жобалар.
2. Бос уақыт кезіндегі жобалар
1. Оқу жобалары.

1 практика

Педагогикалық дизайн курсы пән және мұғалім-жобалаушы қызметі ретінде
3. Білім беру жобасының сарапшысы
2. Білім беру жобасын орындаушы
1. Оқу жобасын ұйымдастырушы
Оқытушы-жобалық қызметке қатысушы:
3. Әлеуметтік
2. Техникалық (инженерлік)
1. Табиғи
Жобалардың түрлері:
• Бірлескен іс-қимылдарды орындау жоспарына сәйкес қатысушылардың "тармақталу белсенділігі" идеясы.
• Дизайн барысында үйлесімділік, ынтымақтастық, ресурстар мен күш-жігерді біріктіру идеясы,
• Кезең-кезеңмен, жоспарланған нәтижелерге кезең-кезеңмен қол жеткізу идеясы,
• Жобалау пәнінің қазіргі жағдайы мен болашағы арасындағы ықтимал айырмашылық идеясы,
• Озық идея, перспективалар,
Орталық дизайн идеялары:
Педагогикалық дизайн процесс ретінде кез-келген уақытта басталуы мүмкін. Көбінесе жұмыс бастапқы идеяның пайда болуынан басталады, ол кейіннен педагогикалық жағдайдың негізін қалайды. Бүкіл процесс аяқталған кезде дизайнер талдау жасайды және "ғылымның" барлық компоненттері шынымен ескерілгенін тексереді. Содан кейін бүкіл процестің сипаттамасы жүйелі түрде болған сияқты беріледі.

Педагогикалық дизайн жүйелі оқытудың бастапқы кезеңі болып табылады, ол үшін ондаған теориялық модельдер бар. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім авторлық оқыту моделін жасаумен сипатталады (көбінесе эмпирикалық жолмен табылған). Педагогикалық процесс күрделене түскен сайын, әсіресе әртүрлі білім беру технологияларын, соның ішінде цифрлық оқыту технологияларын қолдану нәтижесінде педагогикалық дизайн барған сайын маңызды бола түсуде. Педагогикалық дизайн оқу пәні ретінде: бұл білім саласы, оның аясында педагогикалық стратегиялар теориясы және оқытуда осы стратегияларды әзірлеу және іске асыру процесі зерттеледі.

• ашық жүйе.

Педагогикалық дизайн ғылым ретінде білім мен ғылыми зерттеулердің саласы болып табылады, оның нәтижесі барлық күрделілік деңгейлерінің ірі және кіші пәндік блоктарын зерттеу процесін жеңілдететін жағдайларды әзірлеу, іске асыру, бағалау және сақтау үшін егжей-тегжейлі ерекшеліктер (талаптар) болып табылады. Қажетті педагогикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін нақты педагогикалық іс-әрекеттерді анықтайтын және негіздейтін бұл сала; курстың нақты мазмұны мен мақсатты аудиторияны ескере отырып, студенттердің білімі мен дағдыларындағы қажетті өзгерістерді жүзеге асырудың ең жақсы педагогикалық әдістері зерттеледі және таңдалады.

Педагогикалық дизайн процесс ретінде: оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін оқыту ортасының педагогикалық теориялары негізінде дамуды білдіреді. Бұл процесс оқытудың қажеттіліктері мен мақсаттарын талдаудан бастап, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оқыту жүйесін дамытуға дейінгі барлық жолды қамтиды. Процесс барысында студенттердің танымдық және практикалық іс-әрекеті түрлерінің құрамы қалыптасады, осы қызмет түрлерін қолдау үшін оқу объектілері мен педагогикалық материалдар жасалады, тестілеу мазмұны мен технологиялары жасалады және оқыту үшін объектілер мен материалдарды қолдану тиімділігін бағалайды.

• ғылым,
• пән,
• іс-әрекет,
• процесс,
Термин бірнеше тәсілдермен қолданылады:
• learning activities design (оқу іс-әрекетін жобалау) - оқушылардың оқу әрекеттерін жобалау.
• leаrning environment design (оқу ортасын жобалау) - оқу ортасын дамыту;
• learning design (оқытуды жобалау) - білім беру процесін дамыту;
• instructional design (нұсқаулық жобалау) - оқу материалдарын әзірлеу;
- барлық педагогикалық және оқу қызметінің тиімділігін бағалау құралдарын жасау.

Отандық педагогикада «педагогикалық дизайн» термині ағылшын тілінен енген және бірнеше аудармасы бар:

- педагогикалық материалдар мен іс-әрекеттер түрін әзірлеу,
- білім алушылардың білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту жүйесін құру,
-Педагогикалық дизайнның негізгі мазмұндық компоненттері оқыту мақсаттары мен қажеттіліктерін талдау,
- студенттерге мүмкіндік беру.
- білім алушылар игеретін ақпарат көлемі мен сапасының артуына ықпал ету.
-оқу материалдарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру,
Мақсаты:
4.Педагогикалық дизайн.

Педагогикалық дизайн - бұл ғылыми пән, оның маңызды міндеті - заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқыту әдістерін дамыту. Педагогикалық жобалау (дизайн) педагогикалық білім саласы ретінде, оның аясында оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқыту ортасын құру, іске асыру және бағалау үшін спецификация (талаптар) жүйесінің педагогикалық теориялары негізінде әзірлеу жүзеге асырылады;

3.Гендік дизайн,
2.Экодизайн,
1.Психодизайн,
Дизайн - бұл жасалынған объектілердің және қоршаған ортаның тұтастай алғанда адамның мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне утилитарлық және эстетикалық тұрғыдан барынша сәйкес келуіне бағытталған өндірістік өнімдерді, олардың кешендері мен жүйелерін көркемдік-техникалық жобалаудың шығармашылық әдісі, процесі және нәтижесі.

Осыған байланысты мынадай ұғымдар пайда болды:

Дизайн - бұл өндірістік және пәндік шығармашылық пен өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ғылыми негізделген инженерлік тәжірибені біріктіретін жобалау іс-әрекетінің нақты түрі.