jonka Жанерке Кожахметовп 12 kuukautta sitten
395
Lisää tämän kaltaisia
Бағалау: «Су – тіршілік үшін маңызды, дегенмен кейде қауіп төндіруі мүмкін». Сендер бұл тұжырыммен келісесіңдер ме, әлде бұл қате тұжырым ба? Су қай кезде қауіп төндіруі мүмкін? Судан келетін қауіптің алдын қалай алуға болады?
Жинақтау: Өзен, көлдерді ем үшін қолдануға бола ма? Өзен, көлдердің жағасынан демалыс орындарын ашудың қандай маңыздылығы бар?
Талдау: Оқушыларды топтарға бөліп тапсырмалар беру. Әр топтың оқушылары тақырыпты талқылап, өз тұжырымдарын ортаға салады. Мұз неге суға батпайды? Қыста неге қар жауады? Тау шыңдарындағы мұз неге ерімейді?
Қолдану: Су бір күйден екінші күйге қалай ауысады?
Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.