Kategorien: Alle - образование

von Balziya Kutyshova Vor 3 Jahren

844

Үйде оқытылатын балалармен жұмыс

В България съществува специална система за организиране на домашно обучение за деца. Тази система е регламентирана от Министерството на образованието и науката и включва няколко ключови етапа и изисквания.

Үйде оқытылатын балалармен жұмыс

Үйде оқытылатын балалармен жұмыс

3 Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар

Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді. Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді.

3.1 Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны

Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай-ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі

3.2 Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу нәтижелерін қадағалау

Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында (немесе медициналық анықтама) көрсетіледі және анықтамада көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде оқытылатын баланың сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және ата-анамен (немесе заңды өкілмен) келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі
Сабақ кестесі балалардың жеке ерекшеліктерін, психофизикалық мүмкіндіктері мен қызуғышылықтарын есепке ала отырып, мектептің оқу жоспарына сай, 40 минуттан аспайтын сабақтың ұзақтығы, кемінде 10 минут болатын үзіліс ұзақтығын ескере отырып жасалады. Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық үзілісі бар.

2.Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері

Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата-ананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді.
Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық, облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі.

1 «Үйде оқыту» түсінігінің мәні

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген:
− 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау
− 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату;
− XIX ғ. 30 ж. – ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау;
− XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау
− XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру
− XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру
− Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу
− VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;
Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский, Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейді