Футбол

Футбол (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) — спорттың командалық ойын түрі. Футбол – әлемге аса танымал ойындардың бірі.

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.

Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Федерация атауы:Фифа(Fifa)
Қаланған уақыты
1904 жыл
Федерация басшысы
Джанни

Командалық ойын
Командалар саны: 2
Командадағы ойыншылар: 11
Ойын құралы: футбол добы
Таймдар саны: 2
Таймдағы уақыт саны: 45 мин
Негізгі уақыт: 90мин

Техникасы
өңдеу
Техникалық ойыншы допқа ие болып, дәлме-дәл пас жасайды, допты баспен ұрып, қарсыласын алдайды, қақпаны көздеп шабуыл жасай алады. Допқа ие болу деп, допты тебер алдында не пас жасарда доптың қозғалысын баяулату немесе тоқтатуды айтады. Жоғарыдан ұшып келе жатқан допты аяқтың басына салып тоқтатып, аяқты көтеріңкіреп және босаңсытып, сосын доппен бірге төмен түсіру керек.

Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.

Фол (тәртіпті бұзу)
өңдеу
Ең жиі болатын тәртіп бұзулар:
Бәсекелесті аяқпен тебу
Аяқпен қағу
Бәсекелеске секіру
Бәсекелеске шабуыл жасау
Қолмен итеру
Бәсекелесті ұрып-соғу т.б.
Қақпашыдан басқа ойыншылардың допты қолмен ойнауы

Тәртіпсіздік
өңдеу
Футболда тәртіпсіздікке:
төбелес шығару
түкіру
балағат сөздер мен қылықтар т.б. жатады